Бүгін Ақтөбе медициналық орталығында 8 Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара өткізілді. Орталық басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп мерекелік концерт ұйымдастырды, бас дәрігер Р.К.Исаев, медициналық директор Е.Б. Султангереев, сапа менеджменті қызметінің басшысы З.С.Хайруллинақұттықтау сөздерін сөйледі. Сөз сөйлеушілер біздің ұжымның әйел қызметкерлерінің пациенттерге медициналық көмек көрсетудегі баға жетпес үлестерін жоғары атап өтті және оларға әйел бақытын, мықты денсаулық, жұмыстарына табыс тіледі. Салтанатты жағдайда 60 үздік қызметкерге "Орталықтың дамуына қосқан үлесі үшін" естелік белгілері, құрмет грамоталары, ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қымбатты әйелдер қауымы мерекелеріңізбен!