Карантин және қатаң шектеу шаралары, пандемия салдарынан шекараның жабылуы біздің күнделікті өмірімізге өте маңызды өзгерістер енгізді. Медициналық мекемелер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып жұмыс істейді. Және Ақтөбе медициналық орталығы да ерекшелікте емес.
Көп бейінді стационар карантин жағдайында барлық пациенттерге шұғыл көмек көрсетуді жалғастыруда. Сонымен қатар, жоспарлы емдеуге жатқызудың шектелуіне қарамастан, қысқа мерзімді перспективада ықтимал, күрделі асқынуларға әкелетін созылмалы аурулар жағдайында емдеу-диагностикалық іс-шаралардың барлық кешені ұсынылады. Тиісінше, дұрыс дәрігерлік тактиканы қабылдау және пациенттің өмірін құтқару үшін қажетті ресурстарды тарту, тіпті төтенше жағдай кезінде де медицина қызметкерлерінің басты міндеті болып табылады.
Сондықтан, қантамыр хирургиясы бөлімшесіне 1979 ж.т. пациент "Төменгі кеуде бөлігінің және қолқаның іш бөлігінің ыдырау аневризмасы" диагнозымен түскен кезде - жарылу мен жаппай қан кету салдарынан науқастың қайтыс болу қаупі жоғары қауіпті ауру еді, шұғыл түрде операция ұйымдастыруға барлық күш салынды.
Стационардың бейінді мамандарының консилиумы орталық басшылығының қатысуымен қолқаның төмендеу бөлігіне стент-графт орнату қажеттілігі туралы шешім қабылдады - бұл бірегей және күрделі операция
жоғары технологиялық медициналық қызметтерге жатады. Телемедициналық кеңес өткізілді, Республикалық санитарлық авиация желісі бойынша мамандардың шығуы ұйымдастырылды. Бір мезгілде орталық басшылығымен Алматы қаласынан Ақтөбе қаласына қымбат тұратын, шығын материалын -
стент-графт (құны - 2 650 000 теңге) сатып алу және жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Санитарлық авиация ұшағы Нұр-Сұлтан қаласы ҰҒСО-ның дәрігерлерімен (қантамыр орталығының меңгерушісі И.Н.Сагандыков және рентген-хирург Землянский В.В.) Ақтөбе қаласына 7 мамыр күні түнгі сағат 00.30-да келді, науқас алдын ала дайындаулы, операциялық бөлме және ангиографиялық зертханада қажетті жабдықтары дайын болды. Шақырылған мамандар біздің орталықтың дәрігерлерімен: қантамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Б.К.Жанабаев, ангиохирург-дәрігерлері Е.Т.Султангалиев, И.Г.Бисенов, рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі А.Ж.Таумов, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия Орталығының басшысы К.К.Ермагамбетовпен бірлесіп, 2 сағат 15 минутқа созылған операцияны сәтті жасап шықты.
Одан кейін реанимациялық бөлімше жағдайында пациентке бес күн бойына қажетті күтім мен кешенді қарқынды терапия қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта науқас бейінді бөлімшеде емделуді жалғастыруда және жағдайының жақсарғаны байқалады, әрі қарай тұрғылықты мекен жайы бойынша оңалтуда және бақылауда болуы қажет.
Жедел операция, телемедициналық консультация, санитарлық авиация желісі бойынша бейінді мамандардың келуі, шығын материалдарын сатып алу, стационардағы кешенді емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қамтамасыз етілгендігін атап өткен жөн. Барлық шығындарды өтеу ӘМСҚ арқылы жүзеге асырылады және пациент үшін медициналық көмек тегін көрсетіледі.
Бұл жағдайда облыстық және республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдардың уақтылы өзара іс-қимылының арқасында дәрігерлердің топтық жұмысы оң нәтижеге қол жеткізді.