44 жастағы Рүстем Исаев Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі. Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимациялық бөлімнің санитары болып бастаған. Әр жылдары Ойыл аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалар алдында «Ақтөбе медициналық орталығын» басқарды.