Султангереев Ерлан Бахытович, 1980 жылы туылған,Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медициналық академиясының түлегі (2003ж.).
2004-2011 жылдар аралығында Ақтөбе қалалық ЖМКА-ның хирургия бөлімшесінде хирург дәрігері болып жұмыс жасады. Осы уақыт аралығында М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің №2 хирургиялық аурулар кафедрасында екі жылдық клиникалық резидентура бітірген.
2011-2013 жылдар аралығында медицина мамандығы бойынша күндізгі магистратурада оқыды, содан кейін медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін ала отырып - магистрлік диссертация қорғады (Астана қ-сы).
2013-2016 жылдар аралығында «Астана Медицина Университеті» АҚ хирургия интернатура кафедрасында күндізгі докторантурада оқыды, 2016 жылғы 20 желтоқсанда медицина ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесін ала отырып - докторлық диссертация қорғады.
2012 жылғы қаңтардан бастап 2014 жылғы сәуірге дейін (Астана қ-сы) №1 Қалалық ауруханасының шұғыл хирургия бөлімшесінде ординатор, хирург-дәрігер болып жұмыс жасады.
2014 жылғы қазан айынан бастап 2019 жылғы маусым айына дейін «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ штаттан тыс бас хирургы болып жұмыс жасады.
2016 жылы «Астана Медицина Университеті» АҚ-да қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша маманданудан өтті.
2017 жылғы қаңтар айынан бастап 2018 жылғы желтоқсан айына дейін ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы»МКК бас дәрігердің хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс жасады.
2018 жылғы желтоқсаннан бастап ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы»МКК-ның Балалар стационарының медициналық директоры лауазымында еңбек етті.