Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжанов Ақтөбе медициналық орталығына келді. Үкімет делегация Облыс әкімі О.С.Уразалиннің бастауымен ересектер мен балаларға арналған көп бейінді провизорлық стационардың материалдық - техникалық жабдықталуымен танысты. Бас дәрігер Р.К.Исаев эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру жөніндегі орталықтың қызметі туралы, атап айтқанда, 38 кереуеттік реанимациялық бөлімшенің резервінің дайындығы туралы қажетті құрал-жабдықтарымен және дәрілік препараттар, жеке қорғану құралдарының қоры туралы айтып берді, қонақтар дәріхана қоймасына, сәулелік диагностика бөлімшесіне, ангиографиялық зертханаға барды.Сапар барысында көпсалалы стационар базасында вице-премьер Е.Л.Тоғжанов жұмыс кеңесін өткізді, онда облыс әкімінің орынбасары Н.С.Қалауов облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Жалпы, делегация мүшелері өңірдегі COVID-19 екінші толқынына дайындық жұмыстарының барысы туралы оң баға берді.