Пациенттердің қауіпсіздігін сақтау, медициналық қызметтердің сапасын жетілдіру мақсатында біздің орталықтың сапа менеджменті қызметі медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөледі. 2020 жылғы 23 қыркүйекте көп бейінді стационарда пациенттер қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын сақтау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде персоналға арналған семинар өткізілді.
110 қызметкер эндокринология бөлімінің меңгерушісі К.Ж.Макенованыңпациенттерді, биоматериалды, персоналды сәйкестендіру рәсімін қамтамасыз ету бойынша презентациясын тыңдады.