Дүниежүзілік Банктің «медициналық көмекті стандарттау жүйесін жетілдіру» жобасын іске асыру шеңберінде Республикалық деңгейде Ақтөбемедициналық орталығы 2019 жылы пилоттық медициналық ұйым ретінде халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне алғашқы бағалаудан өтті, сонымен қатар орталық қызметкерлерін халықаралық стандарттардың негізгі талаптарына оқыту жүргізілді. Бұл жобаны іске асыру мерзімі енгізілген карантинге байланысты кейінге қалдырылды.
ҚР ДСМ "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК бастамасымен 2020 жылғы 30 қыркүйектен 2 қазанға дейін сараптама тобы Ақтөбе медициналық орталығының халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне тестілік бағалау жүргізді.
Сапар барысында медициналық ұйымдарды ұлттық және халықаралық аккредиттеу жөніндегі сарапшылары Жунусова Салтанат және Муханбетжанова Назгуль тестілік бағалау жүргізді: пациенттердің инфекциялық, дәрілік, хирургиялық қауіпсіздігі, ғимараттардың менеджменті бойынша трейсерлер, персоналға сауалнама жүргізді, ішкі жұмыс процестерін бақылады.
Сарапшылардың пікірінше: «орталықта халықаралық қауіпсіздік стандарттарын енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде», мамандар персоналдың үздік ұлттық және халықаралық тәжірибе негізінде жұмыс сапасын жақсартуға ұмтылысын ерекше атап өтті.
Орталық әкімшілігі көп бейінді стационардың барлық құрылымдық бөлімшелері деңгейінде жұмыс сапасын жақсартуға ықпал ететін ұжымның адал еңбегін жоғары бағалағаны үшін сарапшыларға зор алғысын білдіреді.