Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе медициналық орталығы құрамына кіретін медицина мекемелерімен бірлескен алғашқы жұмыс қорытындысы жүргізілді, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын әріқарай жақсартуға бағытталған келесі жылға жоспарлар құрылды.
Жаңа жылдан әрбір адам жақсы, қуанышты жаңалықтарды күтеді. Әкімшіліктің кәсіп одақ комитетіменбелсене қатысуымен «Aktobe Medical Center» қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды. 30-шіжелтоқсан күні мерекелік шараны «Алақай» қуыршақ театрының актерлерісахналық қойылымдарымен әсемдесе, мерекеге жиналған балалар Жаңа жылдық тақпақтар мен ән айтып, сонымен қатар, мерекелік киім киген балалар шаттана би билеп, жаңа жылдық мерекенің шырайын кіргізді. Барлық бүлдіршіндерге сыйлықтар ретінде тәттілер мен ойыншықтар үлестірілді.
Біздің мекемеміздің қызметкерлері қатарындағы 50 көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары үшін кәсіподақ комитеті «Ақбөбек» білім орталығының жаңа жылдық мерекелік қойылымына билеттер алып берді. Бүлдіршіндер мерекелік көңілкүймен және ұмытылмас шаттықпен мерекенің сәнін кіргізді. Балалар сыйлықсыз қалмады.
Балалар ауруханасында стационарлық ем қабылдап жатқан бүлдіршіндер үшін «Халық банкі» сыйқыршыныңқатысуымен дәстүрлі жаңа жылдық мереке ұйымдастырып, барлық балаларға тәттілер таратты. Әкімшілік «Халық банкінің» басшылығына демеушілік көрсеткен іүшін алғысын білдіреді.