Жеңіс күні — біздің еліміздің ең маңызды және әсерлі мерекелерінің бірі. Жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні, әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.Бүгінгідей айтулы мереке күні отбасыларыңызға зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, береке-бірлік тілейміз!
Қазіргі уақытта, облыстық ауруханада, 93 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Досмұратов стационарлық ем алуда. Ол Ырғызда туып-өскен, 18 жасында 1942 жылы майданға аттанған.Мәскеу, Курск қалаларының маңында шайқасқан, көптеген әскери марапаттар арасында «Ерлігі үшін» медалі ерекше орын алады. Соғыс аяқталғаннан кейін, Қарабұтақ ауылының мектеп мұғалімі, мектеп директоры, «Білім саласы үздігі», еліміздің құрметті оқытушысы атағына ие болған. Сұлтан аға алты бала, 24 немере және 23 шөбере тәрбиелеген. Ол жыл сайын облыстық ауруханада стационарлық ем алады, ардагердің айтуынша: " Мұнда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, Б.Т. Ишимованың басшылығымен терапия бөлімінің қызметкерлерінің ілтипаты пен қамқорлығына бөлендім,оларға үлкен рахмет«.
Жеңіс күні қарсаңында ардагерді аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы құттықтап, Ақтөбе облыстық ауруханасының бас дәрігері Р. К. Исаев өз жолдауында былай деді: „Әркімнің есінде, сонау соғыстан солдаттар Жеңіспен оралды! Біз ардагерлерімізге шын жүректен алғысымызды білдіріп,Сіздіңтұлғаңызда барлық ардагерлер ерліктері үшін басымды иемін, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болады деп сенім білдіремін. Сізге зор денсаулық тілеймін!“