Ақтөбе медициналық орталығының мейірбикелерін кәсіби мерекесімен құттықтау бүгінгі таңда, инфекциядан сақтану шараларына сай шағын жиналыс ретінде өткізілді.
Өз лебізін алғашқы болып орталық бас дәрігері Е.Б.Сұлтангереев білдірді. Құттықтау кезегін бөлім басшылары жалғастырды. Абзал жандардың төл мейрамында Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Р. К. және “SENIM” денсаулық сақтау жұмыскерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиал төрағасы Сабыр Қ. Қ. атынан 11 мейірбикеге «Құрмет грамотасы», сонымен қатар орталық басшылығымен кәсіподақ ұйымы атынан әр бөлімшеге сыйлықтар табысталды.
Барлық орта буындағы қызметкерлерге - ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер дегіміз келеді!