Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық мәслихат депутаты, «Ақ жол» ЖПК Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы А.А.Садықов пен «Еуразиялық банк» АҚ филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты А.Е.Құлдыбаева Ақтөбе медициналық орталығында болды.
Сапар барысында депутаттар Covid-19 пандемиясы жағдайында қала мен облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетудегі медицина қызметкерлерінің зор үлесін атап өтті. Аса ауыр науқастар мен короновирустық инфекциясы бар жүкті әйелдер Ақтөбе медициналық орталығында қабылданды, онда оларға білікті емдеу жүргізілді және барлық қажетті бейінді мамандардың консультациялары қамтамасыз етілді.
Адал еңбегі және Covid-19-ға қарсы күреске қосқан зор үлесі үшін акушер-дәрігер-гинекологтар: Г.Т.Тулеуф,Н.Б.Изимов,М.С.Сарсембаев,Г.К.Мухамбеталиева, дәрігер-терапевт Г.С.Тулегенова, акушер Б.А.Кубатаеваға «Ақ жол»ҚДПАқтөбе облыстық филиалы атынан медальдар табысталды.
Құрметті әріптестерімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз!