Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Осы орайда 18.03.2022 күні Ақтөбе медициналық орталығының ұжымы ТОО «Атамекен»-мен бірлесе отырып, Ұлыстың ұлы күнін “Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болар!» деп ырымдап, Наурыз-көже, бауырсақ, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
Ұжымымыздың бірнеше қызметкеріне бас дәрігеріміздің атынан Құрмет грамоталары және кәсіподақ атынан сыйлықтар табысталды. Келер жылымыз жақсылықпен қуанышқа толы болсын! Наурыз баршамызға құтты болсын!