Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Нәрестелердің патология бөлімшесі

Нәрестелердің патология бөлімшесі

Босандыру қызметінің құрамында 10 кереуеттік жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі (ОПН) жұмысжасайды. Бөлімшеде перинаталдық кезеңнің әртүрлі аурулары бар жаңа туған нәрестелерді тәулік бойы мамандандырылған тексеру және емдеу, шала туған балаларды күту жүзеге асырылады.


Жаңа туылған нәрестелер патологиясы

бөлімшесінің меңгерушісі – жоғары санатты неонатолог

Ергалиева Гульжанар Нурлыбековна 

Жұмыстыңбасты қағидаты-ана мен баланың бірге болуы, тек қана ана сүтімен қоректендіру, заманауи денсаулық-жаңа туған балаларды емдеу мен күтудегі қорғаушы технологиялар. Бөлімшеде перинаталдық кезеңнің түрлі ауруларымен жаңа туған нәрестелерді емдеу, ерте оңалту жүргізіледі: құрсақішілік инфекциялар, бронх-өкпе жүйесі, жүрек-қантамыр және жүйке жүйесі аурулары, зат алмасудың туа біткен бұзылуы, транзиторлық гематологиялық бұзылулар, шала туған балаларды күту.

Бөлімшеде тексерудің диагностикалық әдістерінің кең спектрі бар: ультрадыбыстық, кешенді-зертханалық және функционалдық диагностика, жаңа туған нәрестелерді туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларға скринингтік зерттеулер, аудиологиялық скрининг, көрсеткіштер бойынша невропатолог, ретинолог, неонаталдық хирург және басқа да салалық мамандармен жүргізіледі. Емізуді қолдауға ерекше назар аударылады, бөлімше штатында қызметкерлер емізусұрақтары жөнінде оқытылды, олар аналарға сәтті емізудің құпияларын үйретеді. Шала туған нәрестелерге күтім жасауға «Кенгуру» әдісі енгізілді.

Бөлімше ана мен баланың бірге болуы үшін бір және екі орындық палаталар жабдықталған. Шала туған нәрестелер құрсақішілік өмірге барынша жақын жағдайлар жасалатын, температура мен ылғалдылықты тұрақты бақылайтын, шу мен ашық жарықтан қорғайтын кювездерде болады. Бөлімшеде өмірлік маңызды функциялардың үздіксіз мониторингін, инфузиялық және оттегі терапиясын жүргізуді қажет ететін жаңа туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия бекеті жабдықталған. Жоғары білікті персонал бекітілген стандарттарға сәйкес жаңа туған нәрестелерге тиісті күтімді қамтамасыз етеді.

Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің персоналы

Наши врачи
Ссылки