2025 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова А.Ш.-ның Medicana клиникасына жасаған ресми іссапары барысында бастау алған ынтымақтастық бүгін нақты нәтижеге ұласты.

19.01.2026 ж. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Түркия мемлекеті, Стамбул қаласындағы Medicana клиникалары арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Аталған іс-шараға:
•Medicana клиникаларының ТМД елдері бойынша өңірлік директоры — Жаннера Қайыржанқызы,
•Medicana клиникасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі — хирург Амил Хусейн арнайы келді.
Меморандум аясында екі тарап арасында:
•дәрігерлер мен медбикелердің тәжірибелік біліктілігін арттыру,
•оқыту бағдарламалары,
•мастер-класстар,
•клиникалық тәжірибе алмасу және
•медициналық қызмет сапасын бірлесіп дамыту бағыттары жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, Medicana клиникасының өкілдері Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының басшысы Жетібаев Қ.К.-мен кездесіп, аурухананың жұмысымен танысты. Кездесу барысында алдағы уақытта екі медициналық ұйым арасында тығыз әрі жүйелі әріптестік орнату, соның ішінде дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың кәсіби дамуына бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері келісілді.
Бұл меморандум — халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға, заманауи медициналық технологиялар мен білімді енгізуге жол ашатын маңызды қадам.
Алда — нақты істер мен нәтижелі жобалар!
https://www.instagram.com/p/DTws_HZjMLF/?igsh=MXRjdXVwODg5OWhx

Обсудить
Читайте также:
25 октябрь 2018, Четверг
Оңтүстік Кореялық «K-Medical Lab» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум
Комментарии (0)