Оңтүстік Кореялық «K-Medical Lab» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум
2018 жылдың 25 қазанында Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационарлық базасы негізінде «K-MedicalLab» (Оңтүстік Корея) корпорациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қолқойылды. Кездесу барысында, тараптар, аймаққа Оңтүстік Кореяның жоғары кәсіби мамандарын тарту бойынша екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Корпорацияның бас директоры Ли Кын Ёнг өз сөзінде: «Біз Ақтөбе облысы туралы ақпаратпен алдын-ала танысқанбыз. Біз мұнда медицина дамуын көріп отырмыз, сондықтан бізде қызығушылық туды. Өңірдің денсаулық сақтау саласының қарқынды дамуының арқасында, сапалы ем алу үшін пациенттердің ағынык өрші қалаларданғана емес, сондай-ақ көрші елдерден де өседі. Біз сіздермен бірге жұмыс істегіміз келеді».
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев: «Ақтөбе облысы Оңтүстік Кореямен тығыз жұмыс істейді. Ұлттық Сеул университетінің "Кангнам Северанс" клиникасымен белсенді жұмыс жүргізілуде, Оңтүстік Корея мамандары аймаққа келіп, күрделі операциялар жүргізеді. Жалпы, медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастық үнемі кеңею де. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы аймақтың тұрғындарының денсаулығына пайда болатын жаңа жобаларды жүзеге асыруға әрқашан ашық».