Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум

Халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум

08 июнь 2018, Пятница
1 038
0

Ақтөбе медициналық орталығы «Бақытты Бала» жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады. Денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен медицина кластері негізінде, Пусан ұлттық университеті госпиталінің профессор-ортопеді Чжонг Соп Ли (Jung Sub Lee) бірнеше күн бойы 90 балаға ақысыз кеңес берді. Корей маманының сапарын ұйымдастырушылар «LCB partners» компаниясы және түрлі шетелдік медициналық орталықтармен тығыз қарым-қатынастағы «Аяла» қайырымдылық қоры.


Танымал профессор-ортопед Чжонг Соп Литуа жанамалас патологиялары бар балаларға ерекше көңіл бөлді: омыртқаның туа біткен ауытқулары, аяқ-қолдардың аралас ақаулары, маймақтық, гипоплазия және жіліншіктің қысқаруы, кеуде қуысының деформациясы, жүйке жүйесінің ақаулары.


2018 жылдың 8 маусымында ортопедиялық мамандар мен денсаулық сақтау басқармасының, медициналық орталықтың арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде озық медициналық технологиялар жәнеақпаратпен алмасу, бірлескен медициналық-диагностикалық жұмыс, мамандармен алмасу үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ұйымдастыру көзделген.


Бұдан басқа, «Аяла» қайырымдылық қоры мен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат, Пусан ұлттық университетінің госпиталіне,ауыр ортопедиялық немесе нейрохирургиялық патологиясы бар науқастарды хирургиялық емдеу үшін, жіберетін жергілікті медициналық мекемелермен ұйымдастыру мәселелерін шешуге көмектеседі.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки