Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ақтөбе медициналық орталығының 2018-2022 жылдарға стратегиялық даму жоспары

Ақтөбе медициналық орталығының 2018-2022 жылдарға стратегиялық даму жоспары

05 январь 2018, Пятница
1 454
0

Диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін қолдану арқылы халыққа жоғары сапалы және тиімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында 5 қаңтар 2018 жылы Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың төралығымен өткен кеңесте «ШЖҚ Ақтөбе медициналық орталығы МКК-ның 2018-2022 жылдарға стратегиялық даму жоспары» ұсынылған болатын.


«Aktobe Medical Center» медициналық кластерінің даму стратегиясы, халықаралық сапа стандарттарына және аурухана менеджментіне негізделген медициналық көмек көрсетудің озық жүйесін құру туралыалдағы 5 жылға арналған нақты іс-шаралар жоспарын анықтайды.

Өз сөзінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.А. Қалиев медициналық кластерді дамытудың басым бағыттары туралы толық баяндады: қолданыстағы қажеттілікті ескере отырып, кереует қорын қайта бейіндеу, жоғары технологиялық медициналық қызметтердің халыққа қол жетімділігін арттыру, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік клиникалармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту.

Облыс әкімі Б. М. Сапарбаев «медициналық қызмет сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет,медициналық туризмді дамыту, бұл үшін барлық жағдайлар бар — білікті кадрлар, жабдықтар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде бірлескен жобалар бар» деп атап өтті.

Читайте также:

Ақтөбе медициналық орталығы
01 октябрь 2017, Воскресенье
Ақтөбе медициналық орталығы
Құрметті пациенттер!
21 декабрь 2017, Четверг
Құрметті пациенттер!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение

0
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки