Құрметті пациенттер!
Құрметті пациенттер!
Сізге біздің медициналық мекемені таңдағаныңыз үшін терең ризашылығымды білдіремін. Сеніміңіз үшін көп рахмет. Ақтөбе медициналық орталығы ірі көпсалалы стационарлардың бірі болып табылады. Халық үшін біздің мекеме әртүрлі бейіндер бойынша тегін мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде кең ауқымды медициналық қызмет көрсетеді.
Біздің клиника қарқынды дамып келеді: жоғары технологиялық медициналық қызметтердің бірегей түрлері, соның ішінде трансплантациялау, рентгенэндоваскулярлық хирургия саласында, заманауи жабдықтарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу де, медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру мен жетілдіруге үлкен көңіл бөлінеді.
Медициналық орталық қызметкерлері - үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар. Ұжым Сіздің денсаулығыңызды сақтауға және нығайтуға тырысады, біздің орталығымызда болу ыңғайлы және тез қалпыңызға келуіңізді қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Біздің мақсатымыз - сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсету. Біз өзіміздің басты міндетіміз науқасқа медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар бізге сенім артқан адамдардың мәселесін мұқият қарауды көздейміз.
Медициналық орталықтың бірінші басшысы ретінде, мен орталықтың және оның мамандарының қызметі туралы кез-келген мәселе бойынша сіздерге кеңес беруге дайынмын. Мен әрдайым біздің қызметкерлердің жұмысы туралы өз пікіріңізді бағалаймын.
Сіздің мәселелеріңіз назардан тыс қалмайды! Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және оны іс жүзінде дәлелдеуге дайынбыз!
Құрметпен, бас дәрігер Ардақ Бекетқызы Есенжулова