Балалар ауруханасына демеушілік көмек!
Ақтөбе медициналық орталығының құрамында жұмыс істейтін Балалар ауруханасы Батыс өңіріндегі балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсететін ірі емдеу-диагностикалық мекемелердің бірі болып табылады. Балалар денсаулығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Тәжірибелі кадрлық әлеуеттің, медициналық техниканың болуы, педиатриялық кардиохирургия, травматология, эндоскопиялық хирургия сияқты салаларда жоғары технологиялық медициналық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.Алайда, іс жүзінде, мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсартуға демеушілік көмекке тарту, әртүрлі ұйымдармен ынтымақтастықта болудың бір бөлігі екенін атап өткен жөн.
Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры Медициналық орталықтың Балалар ауруханасына 21 миллион 800 мың теңге тұратын күйікке қарсы кереуетті берді. Тәжірибеде, мұндай төсекті пайдалану, ауыр күйігі бар пациенттерге медициналық көмекті жақсартуға мүмкіндік береді, жараларының тезірек жазылуына ықпал етеді.
Ақтөбе медициналық орталығының ұжымыДемеушіге алғысын білдіреді!