Травматология және ортопедия бөлімшесі
Ақтөбе медициналық орталығының травматологиялық қызметі аурухана ашылған сәттен бастап жұмыс жасайды, бөлімшенің бірінші меңгерушісі жоғары санаттағы травматолог-дәрігер – С.Ж.Исаев болды. 2021 жылдан бастап кереует қорын оңтайландырғаннан кейін бөлімшені жоғары санатты травматолог-дәрігер Р.М.Салимов басқарады. Бөлімше әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі манипуляциялар мен операциялық әрекеттерді орындау үшін тиісті медициналық жабдықтармен жарақталған.
Күнделікті тәжірибеде келесі негізгі міндеттер орындалады:
* тірек-қимыл аппаратының зақымдануы мен аурулары кезінде диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін қолдана отырып, халыққа травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру, жарақаттану мен ортопедиялық аурулардың алдын алу
* тірек-қимыл аппараты бұзылған және зақымданған науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету
* облыстың және Батыс Қазақстанның емдеу ұйымдарына ортопедиялық-травматологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеудің озық технологияларын тарату бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік практикалық көмек көрсету
* травматология және ортопедия саласында республиканың, жақын және алыс шетелдердің жетекші медициналық орталықтарымен ынтымақтасу
* травматология және ортопедия саласында білікті мамандарды даярлау
Травматология бөлімшесінің меңгерушісі –
жоғары санатты дәрігер-травматологСалимов Ринат Молдагалиевич
Бөлімше травматология және ортопедия бейіні бойынша жоспарлы көмек көрсетеді, операциялық әрекеттердің келесідей түрлері жүргізіледі:
* жамбас буынын, тізе буынын эндопротездеу
* тізе буынының емдік-диагностикалық артроскопиясы, менискус резекциясы, буынның капсулалық-байламдық құрылымдарының вапоризациясы, дебридмент
* ПКС пластикасымен тізе буынының емдік-диагностикалық артроскопиясы
* аяқтың 1 саусағының вальгустық ауытқуы кезіндегі түзету операциялары
* аяқ және қол сүйектерінің металлоостеосинтезі
* буын артродезі
* металл құрылымдарын алып тастау
* тізе буынының варустық немесе вальгустық деформациясы кезінде сүйектің б/б металлоостеосинтезі бар түзетуші остеотомия
*құйымшақтырезекциялау
* сіңірлерге операциялар
Бөлімшеде тәжірибелі мамандар: жоғары санатты дәрігер-травматолог Гумаров Б.Г., жоғары санатты дәрігер-травматолог Конысов Д.К. жұмыс жасайды