Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе медициналық орталығында Шеберлік класс өткізілді

Ақтөбе медициналық орталығында Шеберлік класс өткізілді

26 декабрь 2017, Вторник
1 121
0

2017 жылдың 26 желтоқсанында Ақтөбе медициналық орталығының базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Академияның академигі, ҚР ғылымға еңбегі сіңген қайраткері Н.И. Ізімбергеновтің 80 — жасқа толу мерейтойына арналған «Шұғыл хирургиядағы инновациялар» халықаралық қатысуымен Республикалық ғылыми — тәжірибелік конференция аясында эндоскопиялық хирургия бойынша Шеберлік класы болып өтті.

Самара облыстық клиникалық ауруханасының эндоскопия бөлімінің жетекшісі, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты білікті дәрігер Ю. И. Биктагиров (Ресей)эндоскопиялық ретроградтық папилохолангиография, кейіннен эндоскопиялық папилосфинктеротомиядан 4 операция өткізді.

Операция жасалған пациенттердің орта жасы 70 жаста, дерт сипаттамасында калькулезді холецистит,механикалықсарғаюы дамығанөткір панкреатит пен ауыратын пациенттер.

Дертке шалдығушылар операция жасатуға мәжбүр болды. Жас ерекшелігі мен патологияның болу себебін ескере отырып, шағын инвазивті операция жасау- емдеу сапасын және біздің пациенттердің өмір сапасын арттыруға септігін тигізетіндігін ескере кететуіміз жөн.

Біздің аймақта білікті дәрігер Ю.И.Биктагировтың белсенді қатысуымен жәнешәкірті хирург А.Базарбайдың еңбек етіп жүрген жедел медициналық жәрдем базасында мұндай операцияалғаш рет жасалды.

Ақтөбе медициналық кластерінде күнделікті тәжірибеде осындай инновациялық технологияны қолдануға барлық жағдайлар жасалған.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки