Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Халықаралық конференция «Азия трансплантология апталығы»

Халықаралық конференция «Азия трансплантология апталығы»

21 декабрь 2017, Четверг
1 292
0

2017 жылдың 18-22 қазанында Сеулде (Корея Республикасы) «Азия трансплантология апталығы» жылсайынғы халықаралық конференциясы өтті, онда отызға жуық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы өкілдері қатысты. Азия елдерінен басқа, конференцияға АҚШ, Испания, Канада, Австралия, Ұлы британия және Үндістан мамандарықатысты. Қазақстан Республикасы трансплантология жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығының директоры, академик Ж.А. Досқалиев бастаған Қазақстан делегациясы құрамына Астана, Алматы және Ақтөбе сарапшылары кірді. Халықаралық конференция жұмысына «Aktobe Medical Center» медициналық кластерінің қызметкерлері — бас дәрігерР.К.Исаев, бас дәрігерінің хирургиялық қызметі бойынша орынбасары Е.Б.Сұлтангереев, инновациялық технологиялар жөніндегі директор Н. М. Мусин, жоспарлы хирургия және трансплантология бөлімінің меңгерушісі М. С. Рысмаханов белсенді қатысты.

Конференция шеңберінде Азия елдеріндегі трансплантологияны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, туыстық және өлік трансплатологиясына қатысты этикалық және діни аспектілерге ерекше көңіл бөлінді.

Конференцияның бірінші күні Сеул ұлттық университетінің госпиталі мамандары 3D-лапароскопия технологиясын пайдалана отырып, бауыр трансплантациясының онлайн операциясын ұсынды. Операция кезеңінде трансплантациялау мәселелерін талқылауға бүкіл аудитория (шамамен 250 адам) қатысты. Конференцияда профессор Кванг Вунг Ли бастаған Сеул ұлттық университетінің госпиталінің мамандары жануарларға операция жүргізу тренингін өткізді.Әр түрлі елдердің хирургтары 4 командаға бөлінді, олардың біреуі Қазақстан Республикасының мамандары.

Конференцияның ғылыми сессиясында Сеул ұлттық университетінің госпиталімен бауыр мен бүйректі трансплантациялау бағдарламасымен халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелері туралы Ақтөбе делегациясы 5 ғылыми баяндама жасады.Олардың ішінде 2 баяндама «Үздік баяндама» номинациясы бойынша марапатталды (Султангереев Е.Б. және Мусин Н.М.).

Қазақстан Республикасында трансплантациялау технологиясын дамыту үшін осы деңгейдегі халықаралық конференцияларға қатысу маңызды екендігін, бұл әлемдік жетекші клиникаларда тәжірибе алмасу болып табылады және трансплантациялау дәрігерлерінің күнделікті жұмысында туындайтын ең өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретіндігін айта кету жөн.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки