Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігі.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігі.

18 май 2021, Вторник
427
0

Ақтөбемедициналық орталығында МӘМС шеңберінде әртүрлі бейіндер бойынша, оның ішінде жүрек ырғағы бұзылған пациенттер үшін аритмология бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетіледі. Бұл ретте клиникада ЖТМҚ жүргізугежағдай жасалған-заманауи жабдықтар, шығын материалдары, оқытылған мамандар бар. Көп бейінді стационардың құрамында перинаталдық көмекті өңірлендірудің үшінші деңгейіндегі перзентхана бөлімшесінің болуын ескере отырып, орталық жұмысының басым бағыттарының бірі әртүрлі экстрагениталдық патологиясы бар жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге сапалы медициналық көмек көрсету болып табылады.

Клиникалық жағдай: босанған әйелге жоспарланбаған жүктіліктен бірнеше ай бұрын қарыншалық экстрасистолия түрі бойынша жүрек ырғағының бұзылуы диагнозы қойылды, осыған байланысты оны Ақтөбемедициналық орталығына жіберген.

Облыстық және республикалық деңгейдегі бейінді мамандардың бірнеше консилиумдарынан кейін 2021 жылғы 27 сәуірде Кіші кесарь тілігі әдісімен жүктілікті үзу жүргізілді, оны өткізу кезінде пациентке уақытша электрокардиостимулятор имплантацияланды. 12 күннен кейін оңтайлы медициналық терапияны таңдай отырып, кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау сәтті жүргізілді. Кейіннен әйел жақсарып, тұрғылықты жері бойынша одан әрі бақылауға және емделуге шығарылды.

Айта кету керек, барлық операциялық араласуды ескере отырып, процедураның жалпы құны МӘМС шеңберінде 7,6 миллион теңгені құрады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки