Жүкті және босанған әйелдерге арналған қарқынды терапия бөлімшесі
Перзентхана блогының құрамында 6 кереуеттікжүкті және босанған әйелдерге арналған қарқынды терапия бөлімшесі, 2 мейірбикелік бекет, 2 операциялық бекет жұмыс істейді, онда оттегі, ауа және электр энергиясын беруге арналған аспалы консольдер орнатылған.
жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог,
ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі
Бигиев Нурмухамбет Измуханович
Жүкті әйелдер АРҚТ бөлімінің дәрігер персоналдарындазор практикалық тәжірибесі менжоғары біліктілігі бар, бұл ретте жас мамандар өздерінің тәжірибелі әріптестерінен: жоғары санатты анестезиолог-реаниматологтарАбденгалиев А.К, Сейлов Х.К., Жусупов А.Ж.. білім мен дағдыларды меңгереді.Бөлімшеде резидентураны аяқтаған жас дәрігер-ординаторлар Оразалиев Е.Ж. және Нургали К.Б. жұмыс жасайды.


Мониторлауға арналған аппараттар
Диагностикалық іс-шаралардың қажетті көлемі жүргізіледі: зертханалық зерттеулер (қанды клиникалық талдау, несепті талдау, қанның биохимиялық талдаулары, электролиттерді анықтау); аспаптық зерттеулер (жүктілікті ультрадыбыстық зерттеу, ана мен ұрық тамырларының доплерометриясы, кардиототокография (КТГ), кіші жамбас, іш қуысы, жүрек органдарын ультрадыбыстық зерттеу; электрокардиография, МРТ, КТ).