Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының бейінді мамандарының қатысуымен шебер-класстар
Ақтөбе облысы Әкімдігінің және Денсаулық сақтау басқармасының бастамасы мен қолдауы бойынша Ақтөбе облысының медициналық ұйымдары мен ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханалары арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралардыжүзеге асыру шеңберінде ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК базасында республикалық деңгейдегі жетекші мамандардың шеберлік-класстары өткізілуде.
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының күндері» форматында бариатриялық және реконструктивтік хирургия бойынша нейрохирургия, эндоваскулярлықоперацияларғашеберліккластары өткізілді. 2023 жылғы 16 қаңтарда ШЖҚ «ПІБ МО ауруханасы» РМК директорының хирургия жөніндегі орынбасары М.С.Бердиходжаев және «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі М.А.Саршаев нейрохирургиялық бейіндегі аурулары бар 30 пациентке консультациялық қабылдау өткізді, оның ішінде 17,2% ауылдық жерлердің тұрғындары, әрбір пациентке одан әрі тактика бойынша нақтыұсынымдар берілді.
17қаңтарда әріптестеріміз мидың тамырларының аневризмасын эмболизациялау, экстраинтракраниальды микроваскулярлық анастомозды қолдану және микроваскулярлық декомпрессия бойынша операциялар жүргізді. Пациенттерді операцияға іріктеу алдын ала онлайн-форматта бейінді мамандармен талқыланғаннан және келісілгеннен кейін жүргізілді. Миға эндоваскулярлық операция жүргізу үшін Ақтөбе медициналық орталығында барлық жағдайлар жасалған, тиісті материалдық-техникалық базамен жабдықталған, оқытылған персоналдары бар.
2023 жылғы 18 қаңтарда ПІБ МО-ның (Астана қ.) эндоваскулярлық хирург-аритмолог дәрігері Р.Т.Камиевтің қатысуымен шебер-класс өткізілді, сондай-ақ созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және жүрек ырғағының күрделі бұзылулары бар пациенттерге қайта синхрондау функциясы бар кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы жасалды, сонымен қатар Сarto3 навигациялық жүйесін пайдалана отырып электрофизиологиялық зерттеу және радиожиілікті абляция жүргізілді.
Сапар аясында республикалық деңгейдегі бейінді мамандардың консультативтік қабылдауы өткізілді. ПІБ және ОКБ ауруханасының жоғары білікті дәрігерлері біздің өңірдің тұрғындарына амбулаториялық қабылдау жүргізді: медицина ғылымдарының кандидаты, аллерголог Г.М.Түсіпбекова, аллерголог З.Б.Джакибаева, невропатолог Ж.Т.Мырзаев, кардиолог, аритмолог Е.С.Майдыров болды. Осы күні жүргізілген консультациялар құрылымында созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және жүрек ырғағының бұзылуы бар адамдар басым болды. Барлық амбулаториялық науқастар одан әрі емдеу бойынша нақты ұсыныстар алды.
Операциялық бригадалар құрамына қатысқан Ақтөбе медициналық орталығының басшылығы мен персоналының атынан ПІБ МО, ОКА-дан келген әріптестергеBerdihojaev M.S. Abzalbek E.Ş. Ahetov M.E. Sarşaev M.A.зор ризашылығымызды білдіреміз,тәжірибе алмасу үшін алынған дағдылар, ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуге және аймақ тұрғындарына медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.