Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ақтөбе медициналық орталығының қабылдау бөлімшесінде жөндеу жүргізілді

Ақтөбе медициналық орталығының қабылдау бөлімшесінде жөндеу жүргізілді

04 май 2023, Четверг
149
0
Медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру және материалдық-техникалық жабдықтарды жақсарту мақсатында Ақтөбе медициналық орталығының қабылдау бөлімшесінде жөндеу жүргізілді. Қабылдау бөлімшесінің деңгейінде триаж-жүйенің сапалы жұмыс істеуі, бейінді мамандарды шұғыл шақыру (SOS-жүйе) үшін барлық жағдайлар жасалған, қолжетімді және уақытылы емдеу-диагностикалық шаралардың қажетті көлемі ұлғайтылды.
Қабылдау бөлімшесінде медициналық көмек олардың жай-күйінің ауырлық дәрежесіне қарай триаж (пациенттерді медициналық іріктеу) негізінде көрсетіледі, пациенттердің 3 тобы бөлінеді:
• Бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі, кідіріссіз және тіркеусіз қарқынды терапия палатасына тасымалданады
• Екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі. Қабылдау бөлімшелерінде сары аймақта пациентті бақылау 24 сағаттан аспайды, осы уақыт ішінде қабылдау бөлімшесінің мамандары шұғыл медициналық көмектің қажетті көлемін жүзеге асырады.
• Үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі. Жасыл аймақтың пациенті қабылдау бөлімшесінің қарап-тексеру кабинетіне жіберіледі. Қарап-тексеру кабинетінде емдеу-диагностикалық іс-шаралардың қажетті көлемі жүргізіледі.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки