Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Мейірбикелер күні

Мейірбикелер күні

12 май 2023, Пятница
150
0

Көпсалалы стационардың күнделікті жұмысында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге орта медициналық персонал зор үлес қосады. Халықаралық медбикелер күнінің кәсіби мерекесіне орай адал еңбегі үшін Ақтөбе медициналық орталығының аға медбикелерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

"Мейірім" медалімен инсульт орталығының аға медбикесі М. Г. Аманқұлова, "Ана мен бала" бөлімшесінің аға медбикесі А. Г. Мұхамбетқалиева, респираторлық медицина және аллергология орталығының аға медбикесі К. Ш. Сейтқалиева, шұғыл хирургия бөлімшесінің аға медбикесі Ж. К. Қоңырбаева, медицина колледжінің басшылығы атынан "Білім беруде қосқан үлесі үшін" мейірбикелік қызметі басшысы Б. К. Абдреева марапаталды. Медбикелерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки