Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі» атты халықаралық терапевтер конгресі

«Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі» атты халықаралық терапевтер конгресі

18 ноябрь 2023, Суббота
72
0
«Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі» атты халықаралық терапевтер конгресі

Астанада 2023 жылдың 16-17 қарашасында өткен «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі» атты халықаралық терапевтер конгресінде, ұйымдастыру комитетінің шақыруымен Ақтөбе медициналық орталығының өкілдері қатысты. «Дәрілік аллергия – жеке көзқарастың уақыты» атты V секция аясында АМО Респираторлық орталығының жетекшісі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллергологы, медицина ғылымдарының кандидаты З.С. Хайруллина «Дәрілік заттарға жоғары сезімталдық, уытты эпидермальды некролиздің клиникалық жағдайлары» тақырыбында баяндама жасады, онда дәрілік аллергияның өзекті мәселелері, ауыр токсикоаллергиялық реакциялары бар науқастарды емдеу тәжірибесі ұсынылды.

 
 Сателлитті симпозиумда «Аурухана фармацияда мультидисциплинарлық ауруханадағы дәрілік терапия қауіпсіздігінің элементі ретінде презентациясымен «Көп бейінді ауруханада медициналық мақсаттағы бұйымдардың дербестендірілген есебін енгізу тәжірибесі» тақырыбында медицина директоры, медицина ғылымдарының кандидаты А.Б.Есенжулова сөз сөйледі.

 
         Баяндамада 2018ж. Ақтөбе медициналық орталығының операциялық бөлімшесі деңгейінде медициналық бұйымдарды есепке алудың ресурс үнемдейтін технологиясы енгізіліп, 2019ж. дәрілік заттардың дербестендірілген есебі, бұл ретте дәріханадан пациентке дәрілік заттарды жеткізудің ішкі стандарттық операциялық процедуралардың сапасы мен қауіпсіздігін жүзеге асыру, фармакоэкономикалық нәтижеге қол жеткізу тәжірибеде оң расталады.Терапевтер конгресі – фармакотерапияның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша озық тәжірибелерді енгізу әріптестердің тәжірибелері мен пікірлерімен алмасуға арналған халықаралық алаң.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки