Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні

06 март 2024, Среда
17
0
2024 жылғы 6 наурызда Ақтөбе медициналық орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті. Шараны кәсіподақ комитетінің қолдауымен ұжымның ерлер қауымы ұйымдастырды. Бас дәрігер Е.Б.Султангереев құттықтау сөз сөйлеп, біздің орталықтың қызметкерлерінің медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті, әйелдер қауымының дәрігерлері, медбикелері, санитарларының сезімталдығы мен қамқорлығының арқасында науқастардың жағдайы жақсарады, сапалы күтім жасалып келеді. 
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.А.Көптлеуов ұжымның әйелдер қауымына әйел бақыты мен денсаулық тілеп, ұжымға алғысын білдірді. Адал еңбегі үшін орталық бөлімшелерінің 33 қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.             Мерекелік бағдарламаның жүргізушілері хирург Темірлан Сәтен және реаниматолог Сәрсенов Ақтілек болды, олар өз позитивтерімен аудиторияны «жандандырды», дәрігер-статист Арман Аяповтың, нейрохирург Оразжан Абайдың орындауындағы әйелдерге арналған әндер мен өлеңдер шырқалды, әзіл-қалжыңда хирург Талғат Суиндиков, уролог Қуаныш Сүлейменов, нейрохирург Руслан Кажгалиев тамаша өнер көрсетті. Мерекелік атмосфера мен керемет көңіл-күй тудырған өнерпаздығы мен жағымды эмоциялары үшін көрермендер бірауыздан қошемет көрсетті. Концерт соңында ер азаматтардың хор әнімен залдағы барлық әйелдерге гүл шоқтары табысталды. Ұжымның әйелдер қауымы атынан СМҚ басшысы З.С.Хайруллина және медициналық директор А.Б.Есенжулова мерекемен құттықтау сөз сөйледі! Мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Обсудить

Читайте также:

8 наурыз мерекесі
08 март 2023, Среда
8 наурыз мерекесі
8 наурыз мерекесімен!
06 март 2021, Суббота
8 наурыз мерекесімен!
8 Наурыз мерекесі!
08 март 2020, Воскресенье
8 Наурыз мерекесі!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки