Бас дәрігердің міндетін атқарушыны тағайындау
Қайрат Қыдыралиұлы Жетібаев Ақтөбе медициналық орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Қайрат Қыдыралиұлы медицина мен менеджмент саласында кәсіпқой маман. Ол экономика және бизнес магистрі. 1991 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын дәрігер-травматолог болып бастаған.
1996-2015 жылдары облыстық балалар сүйек-туберкулез санаториін басқарды.
2015-2021 жылдары Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері қызметін атқарды.
2021-2023 жылдары Жамбыл облыстық көп бейінді аурухананың бас дәрігері болды.
Қосымша ақпарат: 2006 жылы Х.А.Ясауи атындағы мемлекеттік университеттің "Менеджмент" мамандығын тәмамдаған. 2013 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығын тәмамдаған. 2019 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Экономика және бизнес магистрі дәрежесін иеленген.
Обсудить
Читайте также:
02 ноябрь 2020, Понедельник
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігерінің міндеттерін орындау жоғары санатты хирург-дәрігер, (PhD) медицина ғылымдарының докторы Е.Б.Султангереевке жүктелді.
30 октябрь 2020, Пятница
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем Исаев тағайындалды
Комментарии (0)