Акушер-гинекологтарды оқыту
Ақтөбе медициналық орталығының базасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өңіріміздің акушер-гинекологтарына "Акушерліктегі шұғыл жағдайлар" тақырыбында оқыту жүргізілді.
Дәріскер ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, "UMC" ҚҚ әйелдер денсаулығы департаментінің директоры, жоғары санатты акушер-гинеколог Г.Б. Бапаева шақырылды.Оқытуға бас дәрігердің босандыру жөніндегі орынбасары А.Н.Акатаева, Акушерлік және гинекология кафедрасының жетекшісі, профессор С.Ю. Шиканова, клиниканың меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты.
Сапар барысында Г.Б. Бапаева біздің орталықтың акушерлік-гинекологиялық қызметі бөлімшелерінің жұмысымен танысып, жүкті және босанған әйелдерді жүргізу тактикасын талқылады. Гаури Биллахановнаға оқуы, құнды кеңестері мен практикалық ұсыныстары үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)














