Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс

Бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс

26 ноябрь 2024, Вторник
7
0

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру


«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК Байқау кеңесінің 2024 жылғы 19 қарашадағы хаттамалық шешімінің негізінде «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (1 бірлік).

Кәсіпорынның атауы: «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК

Орналасқан жері: 030017, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе

қаласы, Астана ауданы, Жаңақоныс ауылы, Жаңақоныс тұрғын алабы 8Е үй

тел. 8 (713) 2 53-42-45,

эл.поштаның мекенжайы: Aktobemedcenter@mail.kz, aktobeob@mail.ru


Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты:

Медициналық қызмет

Кәсіпорын басшысының лауазымдық міндеттері:


      Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

      Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

   Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

      Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

      Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

   Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      "Денсаулық сақтау", «Емдеу ісі» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіптік құзыреттердің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санаты (бейіні бойынша) дәрігердің біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.


Білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

ü қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

ü денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

  • медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы; денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органы немесе алқалы атқарушы органы басшысының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 030017, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе

қаласы, Астана ауданы, Жаңақоныс ауылы, Жаңақоныс тұрғын алабы 8Е үй

тел. 8 (713) 2 53-42-45, эл.поштаның мекенжайы: Aktobemedcenter@mail.kz, aktobeob@mail.ru

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.

2. Еркін нысанда жазылған өмірбаяны.

3. Білім туралы құжаттардың көшірмелері.

4. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № 175 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген);

6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде конкурс жариялаған Кәсіпорынға ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органы немесе алқалы атқарушы органы басшысының функциясын жеке дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес.

Конкурсты өткізу күні: конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін құжаттарды қабылдау, конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап, күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

Конкурсты өткізу орны: 030017, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Жаңақоныс ауылы, Жаңақоныс тұрғын алабы 8Е үй тел. 8 (713) 2 53-42-45, эл.поштаның мекенжайы: Aktobemedcenter@mail.kz, aktobeob@mail.ru



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки