Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Инфекциялық бақылау бойынша облыстық семинар

Инфекциялық бақылау бойынша облыстық семинар

20 июнь 2024, Четверг
77
0
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен 2024 жылдың  20 маусымда біздің орталықта қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың эпидемиологтары мен көп бейінді мамандары үшін ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша семинар өткізілді. 
 Спикерлер ретінде ОДСБ басшысының орынбасары м.а  Сүлейменова А.Б., СЭБД басшысының орынбасары Сербаев М.У., БҚМУ М. Оспанова атындағы эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Уразаева С.Т., СЭБД бас маманы Ахметова А.А., ЖИТС орталығының эпидемиологы Мұртазин С.Х., Ақтөбе медициналық орталығының эпидемиологы Жақсылықов А.Е. сөз сөйледі. Семинарға 80-нен астам қатысушы спикерлердің емдеу мекемелерінде инфекциялық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі баяндамаларын, оның ішінде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияларды анықтау, уақтылы зер салу және алдын алу ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі персоналдың іс-әрекеттері туралы баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады.  
 Дәрігер-эпидемиолог А.Е. Жақсылықов көпбейінді стационар деңгейінде ауруханаішілік инфекцияларды инфекциялық бақылау және алдын алу шараларын іске асыру тәжірибесін ұсынды.  Айта кетерлік жайт, 2024 жылғы 23-24 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесі мен ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы өкілдерінің біздің базамызды озық тәжірибе мектебі ретінде бастапқы бағалау мақсатында Ақтөбе медициналық орталығына сапары өтті.  Семинар барысында көп бейінді мамандарының сұрақтарына толық жауаптар айтылды.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки