Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ұлттық аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын бойынша медициналық ұйымдарға арналған оқыту

Ұлттық аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын бойынша медициналық ұйымдарға арналған оқыту

30 март 2018, Пятница
1 149
0
​Ақтөбе Медициналық Орталығының (Aktobe Medical Center) бастамасымен, аккредиттеу бойынша дайындық жұмыстарының шеңберінде, біздің өңірдегі медициналық-алдын алу мекемелерінің қызметкерлері үшін, ұлттық аккредиттеудің жаңартылған стандарттарына арналған көшпелі семинар өткізілді. Семинар 26-30 наурыз аралығында біздің көп бейінді Орталықауруханасы базасында өтіп, қалалық және аудандық емдеу мекемелерінен 35 маманы оқытылды.

Оқытуды аккредиттеу стандарттарын енгізу бөлімінің бас маманы Жаркенов Елдос Аханұлы жүргізді (ҚР ДСМ РДСДО аккредиттеу орталығы).


Аккредиттелген болуы үшін, медициналық ұйым сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуіге, белгілі бір стандарттарға сай болуы тиіс — кадрлармен қамтылуы, медициналық құрал-саймандармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталуы, денсаулық сақтау стандарттарын, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы деп табылады.


Семинар барысында 5 күн бойы медицина қызметкерлері аккредиттеу стандарттарының келесі бөлімдерін зерттеді:процесті ұйымдастыру және басқару, кәсіпорын инфрақұрылымын жетілдіру,дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, кадрлық саясат, медициналық қызметтер сапасын басқару, пациенттердің құқықтарын қамсыздандыру, инфекциялық қауіпсіздік.

Дәріскер Е. А. Жаркенов жаңартылған аккредиттеу стандарттарының өлшемшарттары бойынша теориялық материалды, қызықты презентациялар түрінде толық берді (3 қайта қарау.),оқу барысында аккредиттеу стандарттарын енгізу бойынша практикалық ұсыныстар жасалып, жетілдірілді, тыңдаушылар стандарттардың әр түрлі бөлімдерін түсіндіруге байланысты қойылған сұрақтарына толық жауап алды. Алынған білімдер мен дағдылар мамандарға медициналық ұйымдарда халық үшін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки