Бас дәрігерді тағайындау
2025 жылғы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК бас дәрігері болып ҚР Денсаулық сақтау үздігі, жоғары санатты дәрігер-терапевт, денсаулық сақтау менеджері, медицина ғылымдарының кандидаты, жұмыс тәжірибесі мол жоғары білікті маман Есенжулова Ардақ Бекетқызы тағайындалды.
Жалпы жұмыс өтілі - 35 жыл. Оның ішінде Ақтөбе қаласының темір жол ауруханасында, «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» МКҚК, «Ақтөбе облыстық ауруханасы», ШЖҚ«Ақтөбе медициналық орталығы» МК-да жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК бас дәрігерінің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Адал еңбегі үшін көтермелеулер мен наградалармен, оның ішінде «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.