Педиатриядағы шұғыл көмек бойынша Австрия мен Ресей мамандарынан мастер-класс
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен 2018 жылы Ақтөбе облысында Бала жылы болып жарияланып, «Бақытты бала» жобасы әзірленді,бұл жобаның басым бағыттарының бірі балаларды толыққанды дамытуға, оларға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасау болып табылады. Облыста балалар оңалту орталығының құрылысы, аутист балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) орталық ашу, облыстық перинаталды орталықтың ашылуы, қалалық емханаларда 6 жасқа дейінгі балаларға арналған педиатриялық алаңдарды ашу жоспарлануда. Ақтөбе Медициналық Орталығы «Бақытты бала» жобасын іске асыруға белсенді түрде қатысуда: медициналық кластер шеңберінде балалар онкогематологиялық орталығының ашылуына дайындық жұмыстары басталды (педиатрлар онкогематология мамандығында оқытылып, жабдықтарды сатып алу жоспарлануда). Бұл ретте, балалар ауруханасында, неонатолог дәрігерлерініңбалалар мен жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек көрсету бойынша деңгейін көтеруге ерекше назар аударылады. 2018 жылдың 23-24 сәуірінде Ақтөбе медициналық кластерінің балалар ауруханасы базасында симуляциялық оқу орталығында «Педиатрия және неонатологиядағы шұғыл көмек көрсетудің өзекті мәселелері» тақырыбында мастер-класс өтті. Вена (Австрия) Медициналық Университетінің неонатологі, қарқынды терапия бөлімшесінің кеңесшісі Йенс Кристиан Швидт (Jens-Christian Schwindt) және «Кроха Павлик» «Sim Characters» манекенін шығаратын компания директоры Анатолий Евгеньевич Веревкин — ОБКА-ның жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері (Нижний Новгород қ.), симуляциялық оқыту бойыншамаман,медицинадағысимуляциялық оқытудың Ресей қоғамының мүшесі («РОСОМЕД»). Мастер-класс облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өтті. Оқуға Ақтөбе облысының 40 дәрігері, оның ішінде медициналық орталық мамандары қатысты.
Мастер-класс мақсаты: медицина қызметкерлерінің кәсіби және жеке құзыреттілігін арттыру, ол Ақтөбе облысының балаларына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартады және Австрия мен Ресей әріптестерінің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.
2017 жылы «Aktobe medical Center» балалар ауруханасы базасында ұйымдастырылған симуляциялық орталық жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылғанынайта кету керек, орталық реанимация бөлімшесінің медициналық құралдармен жабдықталған, бұл аурухана жағдайына мүмкіндігінше жақын етеді. Компьютерлік симуляторлар арасында адамға ұқсас (Австрия, АҚШ-та өндірілген), балалардың барлық физиологиялық қасиеттеріне еліктейтін симуляторларерекше орын алады. Оларшынайылығы бойыншаVI деңгейге жатады және реанимацилық әрекеттержүргізуге мүмкіндік береді.
Мастер-класс аясында неонатология және педиатриядағы жедел жәрдем көрсету мәселелері қарастырылды: әртүрлі патологиялары бар нәрестелерді күтіп-бағу, дистресс тыныс алусиндромы кезіндегі көмек, неонатология және педиатрия бойынша кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, яғни, практикалық медицина үшін ең өзекті болып табылатын, орталық жаттықтырушылары құрастырған сценарийлер бойынша. Шұғыл көмек көрсетудің барлық дағдылары механикалықжаттығу құрылғысында, электронды фантомдар, компьютерлендірілген роботтаржаттығу құрылғысында меңгерілді, ол базалық медициналық және мамандандырылған медициналық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік берді, ал реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің қолданыстағы медициналық жабдықтары неонатология жағдайды ауруханалық жағдайға барынша жақындатты.
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың және шетелдік мамандардың кездесуі өтті. Облыс басшысы, дәрігерлерге оқытуды жүргізгендері үшін, қонақтарға алғысын білдірді және басты міндет — облыстың және Батыс Қазақстан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, халықтың басқа өңірлер мен елдерге емдеуге бармауы керектігінатап өтті. «Осыған байланысты Ақтөбе медициналық кластері құрылды, оның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге және білікті мамандарды даярлауға көп көңіл бөлінеді. Сіздің оқытуларыңыз, медициналық қызметкерлердің кәсібилігін жақсартуға көмектесетіні, балаларға медициналық көмек көрсету сапасына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. " — деді әкім Б. Сапарбаев. Өз кезегінде А. Е. Веревкин атап өтті– «Біздің тренингтерімізде көптеген шұғыл жағдайлар ойналды, онда пациенттердің қайтыс болуына жол бермеу үшін, дәрігерлерге тез шешім қабылдауға тура келді. Біз, Ақтөбе облысы дәрігерлерін оқытуға, осындай мастер-класс өткізіп, тәжірибе алмасуға және медицина қызметкерлерінің кәсіби және жеке құзыреттіліктерін арттыруға ықпал етуге дайынбыз». Шетелдік қонақтар, балалар ауруханасы базасындағы симуляциялық орталығының жабдықтарынажәне қызметкерлерінің дайындықдеңгейінежоғары баға берді. Ақтөбе медициналық орталығының басшылығы шетелдік шеберлер — Йенс Кристиан Швидт пен Анатолий Евгеньевич Веревкинге мастер-класс өткізгені үшін үлкен алғысын білдіреді.

Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)