Жаңа жылда «Мобильді кластер» акциясы жалғасады
Ақтөбе медициналық орталығы амбулаториялық көмек ауқымын кеңейтуді жалғастыруда, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады, әйелдердің денсаулығын қорғауға ерекше назар аударады.
Консультативтік-диагностикалық орталықтың базасында 2019 жылдың 17-18 қаңтарында «Мобильді кластер» акциясының шеңберінде Айтекеби және Қарғалы аудандарының тұрғындары үшін тегін дәрігерлік амбулаториялық қабылдау жзүргізілді. Аудандық ауруханалармен алдын-ала келісе отырып, тиісті мамандардың диагностикалық зерттеулерінің және консультацияларының тізімі алдын-ала анықталады. Екі күн ішінде онколог, маммолог, гинеколог және эндокринолог дәрігерлері 34 әйелді тексерді, көрсеткіштер бойынша кольпоскопия жасалды.
Сонымен қатар, пациентергеқосымша тактика бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар берілді, кері байланыс ретінде амбулаториялық қабылдау нәтижесі бойынша пациенттер тұратын аудандықауруханаларының мамандарына есеп беру ақпараттары жолданды. Барлық жүгінгендер КДО-ның жоғары білікті медициналық қызметкерлерінің назарына және қамқорлығына ие болды.