Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ақтөбе медициналық орталығындағы ресурсүнемдеу технологияларын енгізу тәжірибесі.

Ақтөбе медициналық орталығындағы ресурсүнемдеу технологияларын енгізу тәжірибесі.

15 январь 2020, Среда
740
0
Ақтөбе медициналық орталығының дамуындағы маңызды басым бағыттарының бірі - дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және практикада қолдану, сонымен қатар дәрі-дәрмектерді / медициналық мақсаттағы бұйымдарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді басқару процестерін оңтайландыру болып табылады. АМО-ның көпсалалы стационары 400 кереуетке есептелген, оның құрамында 18 бөлімше жұмыс жасайды, оның ішінде 3-ші деңгейдегі перзентхана, инсульт орталығы, ЧКВ орталығы, 25 бейін бойынша медициналық қызметтер көрсетіледі, оның 12 бейіні басқа клиникаларда теңдесі жоқ қызметтер.
Нейрохирургия Ұлттық Орталығымен (Нұр-Сұлтан қаласы) ынтымақтастық туралы Меморандумы аясында 2019 жылғы 15 қаңтарда көпсалалы стационарда госпитальдық фармация бөлімінің (ГФБ) ашылу салтанаты болды. Госпитальдық фармация бөлімінің басты мақсаты - дәрі-дәрмек терапиясын есепке алуды дербестеу жүйесінің тиімді жұмыс жасауы болып табылады. Бұл ретте, шұғыл медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмектердің көлемі клиникалық бөлім деңгейінде әлі де қолжетімді, дәрі-дәрмектерді жеткізу әр пациент үшін медициналық ақпараттық жүйе арқылы бөлімшелердің сұранысы бойынша жүзеге асырылады.


ГФБ-нің ашылуына зор үлесін қосқан біздің НҰО серіктесімізді (Басқарма төрағасы С.К.Акшулаков) және НҰО-ның госпитальдық фармация бөлімінің басшысы, биология ғылымдарының кандидаты А.Д.Толепбергенованы ерекше атап өткім келеді.
2018 жылы сапарлар кезінде бірнеше рет және 2019 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында А.Д.Толепбергенова дәрілік заттардың пациентке бағдарланған, дербес айналымы жүйесін жақсарту бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Қолданыстағы материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану тұрғысынан күнделікті тәжірибеде басқарушылық технологияларды жетілдіру оң экономикалық әсерді қамтиды. Мысалы, ГФБ-нің 1.03 - 31.03.2019ж. жұмыс мерзімінде қаражат үнемдеу 3 815 995,82 теңгені құрады, бұл тек 12 клиникалық бөлімшелер бойынша таблетка түрлері мен бактерияға қарсы заттарды есепке алу және 5 бөлімше бойынша дәрі-дәрмекпен қамтуды толық есепке алудың арқасында болды.
ГФБ-нің 9 айлық жұмыс қорытындысы бойынша, ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес дәрігерлік тағайындаулардың дұрыстығын бақылау негізінде дәрі-дәрмектерді автоматтандырылған дербес есепке алу есебінен үнемдеу КНФ 12 036 313,67 теңгені құрады. Кейіннен Түркия мен Оңтүстік Кореядағы әріптестеріміздің халықаралық тәжірибесін зерделей отырып, әр науқасқа хирургиялық араласуға арналған өзіміздің медициналық өнімдерді тіркеу жүйесін (ИМН) біздің жағдайымызға бейімделген медициналық өнімдерді есепке алудың жеке жүйесін жасадық. Іс жүзіндегі шығындарды талдау есептік кезеңінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дербестелген есепке алу есебінен үнемдеу 39,400,716,40 теңгені құрады. Тәжірибеде ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізудің тиімділігі расталады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки