Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Провизорлық стационардың жаңалықтары.

Провизорлық стационардың жаңалықтары.

27 июнь 2020, Суббота
734
0

2020 жылдың 19 маусымынан бастап ересектерге арналған көпсалалы ауруханада төсек сыйымдылығы қайтақаралды, ол ауыр пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған 400 уақытша керуетке дейін ұлғайтылды.Орталықтың барлық қызметкерлері мен ресурстары COVID-19 симптомдарын жоққа шығармайтын аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету жүйесі шеңберінде, оның ішінде провизорлық госпиталь шеңберінде шұғыл көмекті талап ететін ілеспелі патология болған жағдайда іске қосылған. Бүгінгі күні 360 пациент стационарлық емделуде, 12 науқас өкпені жасанды желдетуде, емдеу ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Орталық ұжымы пациенттердің өмірін құтқару үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Көпсалалыстационарда кезекші ауысымда 200-ге жуық қызметкер адал еңбек етіп, кәсіби борышын атқаруда. Олардың әр қайсысы алғыс пен құрметке лайық, барлығын тізбелеу мүмкін емес.

Көпсалалы стационар құрамында анестезиология, реанимация, қарқынды терапия орталығы (АРҚТО) жұмыс істейді, ол ортақ реанимация, кардиореанимация, нейрореанимация, босандыру қызметінің реанимация қызметкерлерін бір командаға біріктіреді. Орталық басшысы Ермағамбетов Камалхан Қуанұлы, аға медбике Байкушукова Нурслу Тулегеновна бөлімше қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады. Бейінді мамандар, оның ішінде реанимациялық дәрігерлерКалниязов Нұрболат, Бигиев Нұрмұхамбет, Басмағамбетов Ұлан, Калибеков Махамбет, Амзеев Арман, Байжанова Гулбахор, Танирбергенов Амангелды, кестеге сәйкес кезекшілік етеді, шұғыл медициналық көмек көрсетеді және ауыр науқастанғандарды да қамтиды.



Перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Бозғалиева Сәуле жетекшілігіменең маңызды бөлімшелердің бірінде босандыру қызметінде акушер-гинеколог мамандар Изимов Нұрлан, Сарсембаев Мұхит, Нұрғазин Қайрат, Жамиева Айгүл, Мұхамбетқалиева Гүлмиражұмыс істейді.
Емдеу сапасы көбінесе персоналдың бірлескен жұмысына байланысты, медбикелер және санитарлар тағайындауларын адал орындайды, орта және кіші персоналдың жұмысына күнделікті бақылауды мейірбике қызметінің меңгерушісі Рыбакованың В.В. жетекшілігімен аға мейірбикелер кеңесі жүзеге асырады.

Провизорлық стационарда емдеу-диагностикалық процесті ұйымдастыруға параклиникалық бөлімшелер қатысады: клиникалық-диагностикалық зертхана (меңгерушісі - Маматова К.К..); сәулелік диагностика бөлімшесі (жетекшісі - Абубакиров Р.Е.); Функционалдық диагностика бөлімшесі (меңгерушісі - Бекбергенова Г.И.); дәріхана/ГФБ (меңгерушісі - Өтепбергенова С.Я.), сондай - ақ қосымша бөлімшелер: эпидқызмет (жетекшісі - Қадыркулова Г.Н.), госпитальдық сервис қызметі (жетекшісі-Илтаев Н.К.), тамақтану және күзет қызметінің аутсорсингі бойынша серіктестер.
Ауруханаға жатқызудыңөсуін ескере отырып, орталықтың медициналық және медициналық емес қызметкерлеріне жұмыс көлемі мен жүктемесінің артуы байқалады, олар біздің пациенттеріміздің денсаулығы үшін барлықкүш-жігерлерін жұмсауда.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки