«Мәңгілік Ел: Қазақстанның кемел болашағы» атты II Республикалық конкурс»
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бірлесіп, министрліктің 2017 жылғы 27 ақпанындағы № 38 бұйрығымен бекітілген «ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» 13- тармағын орындау мақсатында 10 номинация бойынша «Мәңгілік Ел: Қазақстанның кемел болашағы» атты екінші Республикалық конкурс жүлдегерлерін марапаттау салтанаты 2017 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласында өткізілді.
Қонкурс қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау басқармалары, денсаулық сақтау ұйымдары мен тіл мамандары, сондай-ақ белсенділік танытқан тіл жанашырлары және ардагерлер, тіл оқытушылары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Біздің мекемеден осы байқауға қатысып және «Медицина саласы қызметкерлеріне қазақ тілін үйретудің тиімді жолдары» атты тақырыпта баяндама жасаған мемлекеттік тілге жауапты маман Талшын Қайрденқызы Макешева «Үздік тіл оқытушысы» төс белгісімен марапатталды және арнайы куәлік тапсырылды. Маманға көмек көрсетуші (видео түсірілімдер жағынан) тіл жанашыры нейрохирургия бөлімшесінің аға мейірбикесі Бақытгүл Қайырқызы Абдреева арнайы «Дипломмен» марапатталды.