Жаңа жылдық сыйлықтар
Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационарында әкімшіліктің қатысуымен кәсіподақ комитеті жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Карантин жағдайында орталық ұжымы қолданыстағы шектеу шараларын, мерекелік корпоративтік іс-шараларға тыйым салынғанын қолдайды.
Аурухананың "таза" аймағында безендірілген шыршаның жанында Аяз Ата мен Ақшақар бөлімше жетекшілеріне қызметкерлерге арналған сыйлықтарды табыс етті. Биыл кәсіподақ комитеті тәттілер мен жемістерге толған 800 сыйлық жиынтығын сатып алды. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Обсудить
Читайте также:
01 январь 2018, Понедельник
«Aktobe Medical Center» перзентхана бөлімшесінде жаңа туған нәрестелерді құттықтады!
Комментарии (0)