Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлерін марапаттау
2020 жылғы 6 қазанда облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауова пандемия кезінде өздерін танытқан білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларының өкілдерімен кездесіп, оларға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, «Халық алғысы» медалін табыс етті.
«Биылғы жыл бәріміз үшін үлкен сынақ болды. Біз карантин режимінде өмір сүруге, стандартты емес жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр болдық. Мемлекет басшысы қауіпті вирустың кеңінен таралуына жол бермеу үшін осындай күрделі, бірақ аса қажетті шешім қабылдады. Біздің дәрігерлер өздерінің білімі мен тәжірибесінің арқасында мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. Сіз белсене қатысқан пандемиямен күрес нағыз патриотизмнің көрінісі болды. Біз нағыз батырларымызға ризамыз», - деді аймақ басшысы.
«Халық алғысы» медалімен Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлері де марапатталды: реаниматологтарК.К.Ермагамбетов,М.К.Калибеков, Н.Н.Кальниязов, пульмонологтарС.Х.Есекеева,Ж.И.Сеитова, терапевт Б.Т.Ишимова, кардиолог Б.Х.Хамидулла, акушер-гинеколог Ж.С.Оралбаева, медбикеВ.В.Рыбакова. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!