Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ақтөбе медициналық орталығы базасындағы Инсульт мектебі

Ақтөбе медициналық орталығы базасындағы Инсульт мектебі

29 ноябрь 2017, Среда
2 044
0

Ақтөбе медициналық орталығының базасындаИнсульт мектебі жұмыс істейді. Мұнда тұрақты негізде, инсульт орталығындағыстационарлық емдегі пациенттермен, сондай-ақ олардың туыстарымен оқыту сабақтары өткізіледі. Бүгін 29 қарашада «Ишемиялық инсульттің алғашқы белгілері. Пациенттерді күту ережелері» тақырыбы бойынша кезекті жаттығулар өтті.

Инсульт мектебіндегі оқу-жаттығу сабақтары негізінен осы бөлімшенің орта медицина қызметкерлерімен жүргізіледі сонымен қатар, слайдтар, бейне роликтер және таратпа материалдар ұсынылады. Медбикелер білім алушыға инсульттің алғашқы симптомдары, клиникалық көріністер, диагностикалау, емдеу туралы, ми қанайналымының өткір ауруларында оңалту әдістерімен таныстырады, өз құзыретінде пациентердің сұрақтарына жауап береді. Дәрігерлер оқыту барысына белсенді қатысады және пациенттерді, қажет болған жағдайда пациенттің туыстарына барлық туындаған мәселелі сұрақтары бойынша кеңес береді. Сабақтар 5-7 шағын топтарда жүргізіледі, бұл пациенттермен қарым-қатынасты жақсартуға және олардың емдеуге бейімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің базамызда Инсульт мектебінің ашылуы,жуырдамезгілсізқайтыс болған жоғары білікті невропатолог, медицина ғылымының кандидаты Светлана Юрьевна Сулейманованың есімімен байланысты. Ол біздің облысымыздағы неврологиялық қызметтің дамуына үлкен үлес қосты, Ақтөбе медициналық орталығында Инсульт орталығын ашуға және аурухана деңгейінде бірінші Инсультмектебін құруға үлкен күш жұмсады. Дәрігер-неврологтар өз әріптестерінің жұмысын жалғастыруда, халық арасында алдын-алу, емдеу, ми қанайналымы бұзылыстарын оңалту мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, инсульт ауруына шалдығу, мүгедектік пен өлім-жітімнің төмендеуіне ықпал етеді.

Инсульт орталығында мамандардың көпсалалы тобы құрамында психолог жұмыс істейді, ол инсульттан зардап шеккен науқастардың психоэмоционалды жағдайын және өмір сапасын жақсарту бойынша қызметтерді ұсынады, отбасында психологиялық жайлылықты бейімдеу үшін науқастардың туыстарымен жұмыс жасайды.

Инсульт мектебі кешендітүрдеоқу-жаттығуды тәжірибеге енгізу, медициналық көмектің сапасын жоғарлатуға ықпал етеді, пациенттердің қайталанатын инсульттің алдын алу туралы хабардарлығын, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қажеттілігін арттырады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки