Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.К.Исаевтың инфекциялық перзентхана блогына сапары
2021 жылғы 26 шілдеде Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.К.Исаев Ақтөбе медициналық орталығының көпбейінді стационарына келіп, бас дәрігер Е.Б.Султангереевпен бірлесіп акушерлік-гинекологиялық қызмет бөлімінің, оның ішінде инфекциялық перзентхана блогының жұмысымен танысты. Осы айдың басынан бастап Covid-19 бар жүкті әйелдерді ауруханаға жатқызу 3,5 есеге өскені байқалады, бұл ретте бүгінгі күні инфекциялық блокта 50 әйел стационарлық емдеуде жатыр, оның ішінде 30 жағдайда ковидтік пневмония анықталды, 3 пациент реанимацияда жатыр. Сапар барысында орталықты жабдықтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)