Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Нейроинтервенциялық әрекеттер бойынша мастер-класс

Нейроинтервенциялық әрекеттер бойынша мастер-класс

10 декабрь 2021, Пятница
219
0

2021 жылғы 10 желтоқсанда Ақтөбе медициналық орталығында «ҰҒО» АҚ (Нұр-сұлтан қ-сы) тамырлы және функционалдық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер Е.Т.Махамбетов пен біздің клиниканың бейінді мамандарының қатысуымен мастер-класс өткізілді.

Мастер-класс шеңберінде 6 пациентке операция жасалды, нейроинтервенциялық әрекеттер жүргізілді: ми артериясының аневризмасын эмболизациялау, ішкі каротид артериясының стенозын стенттеу, церебральды ангиография, сондай-ақ үш тармақты нервтің микроваскулярлық декомпрессиясы, микротамырлы анастомоз салу.

Ұлттық нейрохирургия орталығы АҚ басшылығы мен мамандарына (Басқарма төрағасы С.К.Ақшолақов) озық тәжірибесі мен ынтымақтастығы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Республикалық орталықпен жұмыс істеудегі өзара тығыз қарым-қатынас пен сабақтастықтың арқасында персоналдың біліктілік деңгейі мен өңіріміздің халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артуда.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки