Жоспарлы хирургия бөлімі
Жоспарлы хирургия бөлімі
Жоспарлы хирургия және трансплантация бөлімі 2017 жылдың 2 мамырынан бастап жұмыс істейді. Бөлімшеніңашылуы алдында клиникалық практикаға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді: органдарды трансплантациялауға жаңа жабдықтар мен құралдарды сатып алуға және медициналық персоналды оқыту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Бөлімшенің бірінші меңгерушісі болып трансплантолог дәрігер м.с. Рысмаханов тағайындалды. ашылғаннан кейінгі алғашқы 4 айда 150-ден астам операция жасалды. Қазіргі уақытта бөлімшені жоғары санатты хирург-дәрігер Н. Е. Өтеулин басқарады.
Жоспарлы хирургиясы бөлімінің меңгерушісі
жоғары санатты хирург-дәрігер Н. Е. Өтеулин
Жоспарлы хирургия бөлімінде хирургиялықоперацияларәртүрлі нозологияларда орындалады:
- өт тас ауруы, өт жолдарының патологиясы
- ұйқы безінің кистозды түзілістері
- паразиттік және паразиттік емес бауыр кисталары
- қалқанша безінің аурулары
- құрсақ қабырғасының жарықтары (дәстүрлі және лапароскопиялық жолмен)
- семіздікке байланысты операция (бариатриялық операция)
- ішектің біртұтастығын қалыптастыру (илеостома, колостоманы жою)
- долихосигма, колоноптоз
- көгет жарығындағы лапароскопиялық операциялар
- кадаверді донорынан бүйректі трансплантациялау
- тірі донордан бүйрек трансплантациялау
- тірі донордан бауыр трансплантациялау
- тірі донордан бауырдың бір бөлігін 3D лапароскопиялық алу