Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Гинекология бөлімі

Гинекология бөлімі

Гинекология бөлімшесі 20 кереуеткеесептелген, шұғыл көрсетілімдер бойынша және жоспарлы тәртіппен медициналық көмектеркөрсетеді.Науқастарды диагностикалау және емдеудеҚР ДСМ Сараптамалық Кеңесімен бекітілген диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Практикада қазіргі заманғы жабдықтар, оның ішінде «Richard Wolf» эндовидеоскопиялық тағаны, лапароскопиялық операцияларды жүргізуге арналған марциллятор, гистероскоп, моно және биполярлы қайшылармен "Zorring" гемостатикалық аппараты, ультрадыбыстық десектор пайдаланылады.

Бөлімше меңгерушісі -

жоғары санатты дәрігер-гинеколог Жамиева Айгуль Ерболатовна


Аурухана ашылған сәттен бастап бөлімшеге жоғары санатты дәрігер-гинеколог К.К.Шалекенов басшылық етті, ол аурухана деңгейінде гинекологиялық көмекті жетілдіруге және жас мамандардың біліктілігін арттыруға баға жетпес үлес қосты. Қазіргі уақытта бөлімшені жоғары санатты тәжірибелі дәрігер-гинеколог А.Е.Жәмиева басқарады. Гинекологиялық бөлімшеде шұғыл және жоспарлы көмек көрсетіледі, лапароскопиялық ассистенциямен жатырдың қынаптық экстирпациясы, жатырдың эмболизациясы сияқты операциялар жүргізіледі.

Бөлімшеде заманауи хирургиялық технологиялар қолданылады:

  • Шағын гинекологиялық операциялар-вакуум-экскохлеация әдісімен ұрық жұмыртқасын аспаптық алып тастау, гистологиялық зерттеуді қоса алғанда, жатыр мойны биопсиясы, гистероскоптың көмегімен жатыр қуысы мен жатыр мойны каналының қабырғаларын диагностикалық қырнау, содан кейін гистологиялық зерттеу;

  • Гистерорезектоскопиялық әрекеттер - субмукозды миоматозды түйіндерді, эндометрия полиптерін, бартолиний безінің кисталарын алып тастау, гистологиялық зерттеумен көптеген кандилломаларды, жыныс мүшелерінің папилломаларын алып тастау.

  • Аналық бездер мен жатыр түтіктерінің ісігін, ісік тәрізді процестерін, түтікшелі жүктілікті, кіші жамбастың жабыспалы процесін хирургиялық емдеу лапароскопиялық жолмен жүзеге асырылады

Ауыр соматикалық патологиясы бар науқастарға хирургиялық емдеудің барлық түрлері жүргізіледі, диагностикалық мақсатта компьютерлік томография мен МРТ қолдану, жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету мүмкіндігі бар

Жұмыстың үлкен көлемін бөлімшенің орта медициналық персоналдары жүргізеді. Бөлімшенің орта медициналық персоналы анафилактикалық шок, қан кету сияқты шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету әдістеріне үйретілген, мейірбикелер бекітілген стандарттықпроцедураларға сәйкес практикалық дағдыларды меңгерген, қызметкерлер медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бағдарламасына сәйкес үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Наши врачи
Ссылки