Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Провизорлық госпитальдағы пациенттің өмірін сақтау үшін операциялық әрекет

Провизорлық госпитальдағы пациенттің өмірін сақтау үшін операциялық әрекет

18 май 2020, Понедельник
654
0
Ақтөбе медициналық орталығы базасында провизорлық госпиталь жұмыс жасайды, онда COVID-19 симптомдары бар пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Провизорлық стационарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша пациенттер жатқызылады, науқастарда инфекциялық ауру – пневмония белгілері болған кезде,  қатар жүретін аурулары бар, олар да кәсіби медициналық көзқарасты қажет етеді.
Сол жақ пневмония бойынша провизорлық госпитальда емделіп жатқан 50 жастағы емделушіде тамырларға ангиохирургтардың ультрадыбыстық диагностика жүргізуі кезінде аяқ-қол тамырларының тромбозы және көктамырдың төменгі қуысының  жүрекке жоғары қарай тамыр саңылауы бойынша тромбының таралуы диагнозы қойылған. Мұндай жағдайда тромбтың адам өміріне қауіп төндіретін, тромбпен өкпе тамырларының саңылауын жабу және оттегінің ағзаға түсуін тоқтату салдарынан тромбтың үзілуінің нақты қаупі орын алды.
Пациенттің өмірін құтқару үшін диагностикалық және емдеу шараларының барлық арсеналы жұмылдырылды. Өкпе артериясының тромбоэмболиясының даму қаупін барынша төмендету және болдырмау мақсатында кава-сүзгі - тор қолшатырды тромбаның жоғары тамыр саңылауына орнату туралы шешім қабылданды, тромбтарды жұлып алу және өкпе артериясының тромбозын болдырмау үшін. Операцияның бұл түрі мамандандырылған медициналық көмек қатарына жатады, рентгенэндоваскулярлық хирургияны меңгерген қан тамырлы хирург мамандары жоғары дәлдіктегі жабдықтарында орындалады.


    12.05.2020ж. пациентке шұғыл түрде төменгі қуыс көктамырына кава-сүзгіні имплантациялау операциясы жасалды. Операция рентгендік операция жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жүргізілді. Операциялық әрекет келесі мамандар тобында жүргізілді:  қан тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі  Жанабаев Бернат, қан тамырлы хирург Бисенов Ибрагим, рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі Таумов Айдос, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығының басшысы Ермагамбетов Камалхан, операциялық бикелер Кажарова Раушан, анестезист  Султанова Оразгуль және  санитар Буканова Айман.
         Операция сәтті өтті, қазіргі уақытта тромбтың адам өміріне қауіпті емес. Пациенттің жағдайы тұрақтанды, бейінді бөлімшеде емдеуді жалғастырады. Ақтөбе медициналық орталығында 2014 жылдан бастап осындай технологиялар енгізілген, ангиохирург-дәрігерлері жыл сайын шетелдік және республикалық орталықтар базасында білімін жетілдіреді.
Медицина жабдықтарының және шығын материалының болуы, даярланған персонал өңір тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге, біздің пациенттеріміздің денсаулығын жақсартуға және өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки