Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Бақылау кеңесінің отырысы

Бақылау кеңесінің отырысы

10 март 2021, Среда
293
0

Бекітілген жоспарға сәйкес 2018 жылдан бастап белгіленген тәртіпте біздің орталықтың басқарушы органының отырыстары өткізіледі. 2021 жылғы 10 наурызда ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК-ныңБақылау кеңесінің кезекті отырысы өткізілді (БК құрылғаннан бастап №11). Отырыс онлайн режимінде ZOOM платформасында Ж.А.Коптлеуовтің (ШЖҚ «№ 6 Қалалық емханасы» МКК бас дәрігері) төрағалық етуімен өткізілді. Отырыс жұмысына БК мүшелері, АМО бөлімдерінің шақырылған басшылары қатысты.

Отырыс басында БК мүшелері 2019 жылдан бастап АМО Бақылау кеңесінің тәуелсіз мүшесі Т.Ж.Талаеваны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім орталығының құрамына сайлануымен құттықтады. Оған жаңа лауазымдағы жоғары және жауапты лауазымда үлкен табыстар мен жемісті еңбек тіледі.

Бақылау кеңесі отырысының күн тәртібінде жұмыс қорытындысы бойынша өзекті мәселелер және Ақтөбе медициналық орталығының одан әрі даму перспективалары қаралды. Бас дәрігер Е.Б.Султангереевтің, бас бухгалтер М.Е.Мырзагулованың, ұйымдастыру-әдістемелік қызмет басшысы Л.И.Кабиеваның негізгі баяндамаларын және басқа да өндірістік мәселелерді талқылағаннан кейін тиісті шешімдер қабылданды

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки