Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

02 май 2018, Среда
3 358
0

ШЖҚ «АҚТӨБЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МКК ұжымының жиналысында бекітілді


«AktobeMedicalcenter»

ШЖҚ «АҚТӨБЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МКК

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ


ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ


ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС


  • ШЖҚ «Ақтөбе медицина орталығы» МКК «Aktobe Medical Center» (бұдан әрі - Орталық) кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру барысындағымедициналық қызметкердің тәртібінің этикалық нормалар мен ұстанымдарының жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады.
  • Этикалық кодекс (одан әрі- Кодекс)медицина қызметкерінің қоғаммен және емделушімен қатынасын анықтайды, жеке тұлғаның және жалпы қоғамның құқықтарын, қадір-қасиеттерін, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерінің қоғам алдындағы өз қызметіне жоғары моральдық жауапкершілігін анықтайды.
  • Кодекс ережелері халыққа медициналық көмек көрсетуге қатысатын орталықтың медициналық мекемелерінің барлық қызметкерлеріне, медициналық тіркеушілер, кіші және басқа да қызметкерлерге, медициналық жоғары оқу орындары, колледждер қызметкерлерінқоса алғанда, сондай-ақденсаулық сақтау ұйымында тәжірибеден өтетін студенттерге қатысты.

Миссия:

Медициналық қызмет көрсетуді уақтылы ұсыну арқылы, алдын алу, емдеу және оңалтудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, халыққа жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Болашаққа болжам:

  • Сапа менеджменті және үнемді өндірістің халықаралық стандарттарына негізделген, медициналық көмек көрсетудің озық жүйесі бар көпсалалы мемлекеттік клиника.
  • Аймақтық медициналық туризм орталығы.

Мақсаттары:

  • Мемлекеттік денсаулық сақтау саясатын іске асыру шеңберінде, пациенттердің қажеттіліктеріне бағдарланған жоғары білікті медициналық көмек көрсету.
  • Көрсетілетін медициналық қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында аурудыңалдын алу , диагностикалау, емдеу және оңалтудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.


Орталық міндеттері:

  1. Жоғары тиімді медициналық технологияларды пайдалана отырып,балалар мен ересектерге амбулаториялық және стационар жағдайында, жоғары кеңес беру-диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсыну.

  2. Бекітілген денсаулық сақтау стандартына сәйкес, пациенттердің құқықтарының қорғалуын, сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін, қауіпсіздігі мен уақтылығынқамтамасыз ету.

  3. Халыққа медициналық қызмет көрсету және ұлттық денсаулық сақтау жобаларын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу.

  4. Медицина саласындағы ғылыми дәлелдерге негізделе отырып, балалар және ересектерге алдын алу, диагностика ,емдеу мен оңалту процестеріне ғылым және инновациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу.

  5. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес, медициналық қызметтің сапасын басқарудың тиімді жүйесін құру.

  6. Сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін қажетті ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

  7. Әрбір қызметкердің корпоративтік мәдениетті және сапаны басқару жүйесін жетілдіруге құзыреттілігін арттыру.


Біздің құндылықтар:


  • Пациентке назар аудару— пациенттің абыройы мен жеке басын құрметтеуге негізделген жоғары сапалы қызметтер көрсету үшін, әрбірпациенттің қажеттілігін бағалау.
  • Пациент қауіпсіздігі— ол емдеу-диагностикалық процестіңқауіптерін барынша алдын алуын қамтамасыз ететін, сапалы медициналық көмектің маңызды компоненті.
  • Жауапкершілік пен тұтастық - қызметкерлерді жарияланған қағидаларға және жоғары стандарттарға сәйкестендіру,пациенттер, әріптестер, серіктестерменқарым-қатынаста жоғары сенімділік деңгейін көрсету.
  • Алқаластық— емдік- диагностикалық үдерісті қамтамасыз етудекөп тәртіптік тәсіл.
  • Кәсіпқойлық - жоғары нәтижеге жету үшін, өзінің барлық білімі, дағдылары мен тәжірибесін үздіксіз оқыту мен дамытуғабағыттауға негіздеу.
  • Әріптестік және ашықтық - денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен пациенттердің арасында, ашықтық пен сенім негізінде, өзара қарым-қатынас моделін қалыптастыру.


Мазмұны:

I бөлім. Жалпы ережелер

ІІ бөлім. Медициналық қызметкер мен пациент арасындағы қарым-қатынас

III бөлім. Медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы.

IV бөлiм. Этика кодексінің қолданылу аясы, оның қайта қарау тәртібі, бұзғаны үшін жауапкершілік.


I бөлім. Жалпы ережелер:


  1. Этикалық кодекс - медицина орталығының барлық қызметкерлері ұстанатын ұжымдағы белгілі бір нормалардың жиынтығы.Этикалық кодекс ұйымдағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді және адамдардың бірлескен қызметіне моральдық мән береді.Этикалық кодексті құрудың негізгі міндеті қоғамдағы ұйымға немесе кәсіпке оң көзқарас қалыптастыру болып табылады.Бұдан басқа, осы құжаттың маңызды міндеттерінің бірі - әрбір қызметкерге әріптестеріне және / немесе пациенттерге қатысты «дұрыс» жүріс-тұрыс тұрғысынан көмектесу.
  2. Медициналық қызметкер - жоғары және (немесе) орта арнайы медициналық білімі бар медициналық көмекті қамтамасыз етуге қатысатын маман,сондай-ақ орталықтың ұйымдарында пациенттерді күтуші кіші медициналық қызметкерлер.
  3. Медициналық қызметкердің кәсіби қызметінің мақсаты - адам өмірін сақтау, оның денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін арттыруға бағытталған пациент бағдары бойынша іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету, диагностикалық, емдеу-алдын алу, оңалту көмектің барлық түрлерін жоғары сапалы қамтамасыз ету болып табылады.

· Орталықтың негізгі қағидаттары:Медициналық құызметкерөз қызметіндеазаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмекке құқықтарын сақтауға, гуманизм мен мейірімділік принциптеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

· Медицина қызметкері өзінің біліктілігі мен құзыретіне сәйкес, азаматтардың денсаулығын қорғау және оларға жоғары деңгейде көрсетілетін көмек сапасын қамтамасыз ету үшін ,барлық күш-жігерін бағыттауға тиіс.

· Медицина қызметкерлері кез келген тұлғаға жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан медициналық көмек көрсетуге тиісті.

· Денсаулық сақтау қызметкері үздіксіз кәсіби білімдері мен дағдыларын, ептілігі мен білімдарлығын жақсарту керек.

· Медицина қызметкерлері бар ресурстар шегінде,өзінің біліктілігі, лауазымдық нұсқаулықтарға және лауазымдық міндеттеріне сәйкес ,медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде моральдық, жауапты болады.

· Медициналық қызметкер медициналық ұйымның қызметін жүзеге асыру кезінде пациенттерге бағытталған әдісті қалыптастыруға қатысуы керек.

  • Медицина қызметкері салауатты өмір салтын насихаттап, жаман әдеттерденоның ішінде темекі шегуден бас тартуды көрсетуге тиіс:медициналық ұйымның аумағында және оның әріптестеріне және пациенттеріне оның үлгісін ұстануға шақырады, қоғамдық іс-шараларға қатысуға әсіресе салауатты өмір салтын насихаттайтын жерлерде қолдау көрсетеді және қатысады.
  • Медицина қызметкерінің жүріс-тұрысы денсаулыққа теріс көзқарас үлгі ретінде болуы тиіс емес.
  • Медицина қызметкерініңморальдық борышы өз әріптестерінің және өзінің қателіктерін дебейтарап болып талдауға.Адал емес және бәсекеге қабілетсіз әріптестерінің, сондай-ақ пациенттердің денсаулығына зиян келтіретін әртүрлі кәсіпқой еместұлғалардың тәжірибесіне жол бермеу.
  • Медицина қызметкеріпациенттермен қарым-қатынас алгоритмін сақтап,медициналық көмек көрсетуде науқастың жағдайына мейірімділік, құрметтеу және аяушылық қағидаттарына сүйенуі керек.
  • Медицина қызметкері өзінің сыртқы келбеті бойынша гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы керек, медициналық ұйым қызметкерлері қабылдаған медициналық киім нысаны қағидаларын сақтай отырып, киімнің пішіні мен түсі, шашқа арналған талаптар (медициналық қалпақ киюдің қажеті жоқ болса), аласа тақалы аяқ киім (кәсіби қызметтін орындағанда пациенттерді тітіркендіретін шуды болдырмау үшін ), медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және Орталықта атқаратын лауазымы көрсетілген бейдж болуы тиіс.
  • Медицина қызметкері Орталықтың гигиеналық ережелеріне сәйкес келетін эстетикалық бейнесін қалыптастыруға қатысуы керек.
  • Медицина қызметкері медициналық құжаттамаға ұқыпты қарап, құжаттаманы белгіленген талаптарға сәйкес уақтылы дайындауға міндетті.
  • Медицина қызметкері пациенттер үшінқолжетімді орындарда жазбаша хабарламаорнатылған ақпараттық стендтке Орталықтың жұмыс кестесі,ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген тамақ ішу кестесін қоса алғанда,ұстануға тиіс.
    1. Медицина қызметкерінің жол беруге болмайтын әрекеттері:

Медицина қызметкері өзінің кәсіби іс-әрекеттерінде білімін және қызметін өз мүддесінде қолдануына болмайды.

Медицина қызметкері:

  • Өз білімін және мүмкіндіктерін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;
  • Негізсіз медициналық шараларды жүзеге асыруға немесе оларды іске асырудан бас тартуға;
  • Емделушіні жазалау, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық іс-әрекеттерді қолдануға;
  • Емделушіге философиялық, діни және саяси көзқарастары бойынша өз пікірін таңуға;
  • Емделушіге немқұрайлылықпен немесе салақтықпен физикалық, адамгершіліктік, материалдық залал келтіруге және осындай залал келтіретін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне селқосқарауға

құқықты емес.:

  • Кәсіби міндеттерін орындау кезінде әріптестері және пациенттермен қарым-қатынастыңтұрпайы сөйлеу сипатына жол беруге.
  • Пациенттерді хабардар етпестен және нақты уақыт аралығын көрсетпей жұмыс орнында болмау, кабинеттен 15 минуттан артық шығып кетуге.
  • Медицина қызметкерінің жеке сенім-нанымдары және басқа да кәсіби емес себептер емделушінің диагнозын қоюға және оны емдеуге әсер етпеуі керек.
  • Емделушінің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы олардың сапасы мен қолжетімділігінің азаюының, ҚР заңымен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде оған тегін ұсынылған медициналық көмек түрлері мен ауқымдарының азаюыныңсебебі бола алмайды.
  • Емделушілерден сыйлықтар алуға және беруге болмайды. Өйткені сыйлық бере алмайтын және алмайтын емделушілерде оларға қамқорлық тиісті деңгейде көрсетілмейдідеген сезім тууы мүмкін.
  • Сыйлықтардың көрсетілген қызметтер үшін алынуына немесе берілуіне болмайды.
  • Қолдағы ақша немесе бағалы сыйлықтарды алуға тыйым салынады.
  • Медицина қызметкері қызметін өз мүддесінде қолдануға, емделушінің эмоциялық күй-жайын пайдаланып, онымен мүліктік шарттар жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта қолдануға, парақорлық пен және бопсалаушылықпен айналысуға құқығы жоқ.
  • Медицина қызметкері ем тағайындау кезінде емделушіге қолданыстағы дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы дәйексіз, толыққанды емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруіне,сонымен қатар емделушіден төменірек бағаланатын дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуы жөніндегі ақпаратты жасыруына құқығы жоқ.
  • Мекдицина қызметкері дәрі-дәрмектерді дайындайтын және тарататын фирмалардан өздерінің ұсынған дәрі-дәрмектерін тағайындағаны үшін сый-тартуын қабылдауына, медициналық ұйым аумағында компанияның логотипі немесе дәрі-дәрмектің медициналық ұйымының саудалық атауы бар заттарын қолдануынаболмайды.
  • Медициналық қызметкер өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде әр тұрлі құмарлық тудыратын заттардың әсерінде болмауы тиіс және әрқашан айқын күйде болуға міндетті.
  • Медицина қызметкері тұрмыстық бөлмеден тыс жерде тамақ ішуге және тамақ дайындау мақсатында жұмыс орнында тұрмыстық техниканы пайдаланбауы керек.


Кәсіби тәуелсіздік:

· Медицина қызметкерінің құқығы мен борышы-өзінің кәсіби тәуелсіздігін сақтау.Халыққа медициналық және әлеуметтік көмек көрсете отырып, өзінің кәсіби шешімі үшін жауапкершілікті толық өзіне алады, сондықтан әкімшіліктен, емделушілерден және басқа да тұлғалар тарапынан болған қандай да бір қысым әрекеттеріне төтеп беруі тиіс.

· Егер Қазақстан Республикасының Заңына, этикалық ұстанымдарына, кәсіби борышына қайшы болатын іс-әрекеттер талап етілетін жағдайдамедицинақызметкері қандай да болмасын жеке және заңды тұлғамен бірлесе қызметтесуден бас тартуы тиіс.

· Сараптауларға, консилиумдарға, комиссияларғажәне т.б. қатыса отырып, медицина қызметкері өзінің ұстанымдары туралы ашық жариялауы, өз көзқарастарын дәлелдеуі,оған қысым жасалынған жағдайда заңдық қоғамдық қорғауға жүгінуі қажет.

II Бөлім. Медицина қызметкері мен пациенттер арасындағы қарым-қатынас:

  1. Пациенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуМедицина қызметкері пациенттің қадір-қасиетін сыйлауы, оған және оның жақын адамдарына ілтипатпенжәне шыдамдылықпен қарауы қажет.

Емделушімен дөрекі және адамгершілікке жатпайтын қатынас құру, оның адамгершілік қадір-қасиетін төмендету, сонымен қатар емделушілердің қайсыбіріне үстемділікпен қарау, қайсыбірін тәуірлілеу санау немесе жек көру қасиеттеріне жол берілмейді.

  1. Медициналық көмек көрсету шарттары -
  • Медициналық қызметкері гигиена және санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтай отырып, пациенттің еркіндігі мен қадір-қасиетін ықтимал шектеу жағдайында медициналық көмек көрсетуі керек.
    1. Медициналық қызметкер пациентОрталықта болу кезінде,қабылдаубөліміне/ тіркеу орнына жүгінген сәттен бастап, мамандардың қабылдауы аяқталғанға дейінбірге жүруге, тіркеу орнынанқабылдау бөліміне пациенттің медициналық жазбаларын бағыттау, маман дәрігер кабинетіне/бейінді бөлімшеге дейінпациенттің зерттеу нәтижелерін және басқа да зерттеулерді бейінді мамандарға жеткізуді,пациенттің қатысуынсыз жүргізуге міндетті.
    2. Мүдделер жанжалы:
  • Егерде, пациент-қоғам, пациент-отбасы және т.б. мүдделер жанжалы болған жағдайда, олар пациентке немесе оның айналасына тікелей зиян келтірмесе, медицина қызметкері пациенттің мүддесін артық көруге тиісті.
  • Медициналық қызметкер штаттан тыс жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер алгоритмін қолдануға, оның қызметіне кедергі келтіретінін, оның ішінде күтпеген төтенше жағдайлар, пациенттің тұрмыстық жағдайыжәне басқа да туындайтын әлеуметтік мәселелерге байланысты оған қызмет көрсету мүмкін еместігі туралы орталық әкімшілігін хабардар ету қажет.

Дәрігерлік құпия:

·Медицина қызметкері барлық медициналық және оған тапсырылған жеке басты ақпаратты құпияда сақтайды деп есептеуге пациент құқылы.

·Тексерілу мен емделудің барысында алынған мәліметтерді, оның ішінде медициналық көмекке жүгіну фактісін де медицина қызметкері пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатысыз жариялауға құқылы емес.

·Медицина қызметкері медициналық құпияларды ашуға жол бермеу үшін шаралар қабылдауға тиіс. Науқастың қайтыс болуы, медициналық құпияны сақтаудан босатпайды.

·Медициналық құпияны жария ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.


  1. Өлім аузындағы пациенттің моральдық қолдауы.

Медицина қызметкері қайтыс болайын деп жатқан адамның азабын барлық қолжетімді және заңды жолдарымен жеңілдетуге міндетті. Медицина қызметкері пациенттің тілегі бойынша кез келген діни конфессия қызметшісінің рухани қолдауына кепіл беруге міндетті.

  1. Медицина қызметкерін таңдау:

·Медициналық қызметкеркейінгі емдеуді басқа маманға тапсыруға шешім қабылдаған пациентке кедергі жасауға құқығы жоқ.

·Медициналық қызметкер пациентпен жұмыс істеуден бас тартып, оны басқа маманға келесі жағдайларда жіберуімүмкін:

- өз құзыретінжеткіліксіздеп сезінетін болса,көмек көрсетудің тиісті түрін қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық мүмкіндіктері жоқ болса;

-егер пациентнемесе оның туыстарымен емдеу және тексеру тұрғысынан қайшылықтар болса.

III Бөлім. Медицина қызметкерлерінің өзара қатынастары:

  • Медицина қызметкерлерінің өзара қатынастарыМедицина қызметкерлерінің өзара қатынастары қадірлестік пен сенім қасиеттерінде құрылу керек, және пациенттің мүддесін сақтауымен сипатталуы қажет.
  • Медицина қызметкері өз әріптестерімен қатынасқанда адал, әділ, әдепті, мейірімді болу керек, олардың білімі мен тәжірибесіне құрмет таныту, сонымен қоса олармен өз білімі мен тәжірибесімен риясыз бөлісуге дайын болу керек.
  • Медицина қызмеркерлеріне басшылық жүргізудің моральдық құқығы кәсіби құзыреттілік пен мол адамгершіліктің жоғары деңгейін талап етеді.
  • Әріптестің атына айтылған сын қорлаусыз және дәлелді болуы тиіс. Сынға әріптестің жеке тұлғасы емес, оның кәсіби әрекеттері жатуға тиіс. Әріптестерді қаралау жолымен өзінің абыройын нығайту әрекеттерге жол беруге болмайды.
  • Медицина қызметкерінің пациенттер мен олардың туыстары алдында әріптестер туралы, олардың жұмысы жөнінде келеңсіз пікірлер айтуға құқығы жоқ.


IV Бөлім. Этикалық кодекс аясы, оны бұзғаны үшін

жауапкершілік, қайта қарай тәртібі:


  1. Этикалық кодекс әрекеттері –осы Кодекс Ақтөбе медициналық орталығының (ересектер мен балалар ауруханалары, консультативтік-диагностикалық орталық)барлық бөлімшелерінде медициналық қызметкерлер үшін міндетті күшін сақтайды.
  2. Кодекс ережелері халыққа медициналық көмек көрсетуге қатысатын орталықтың медициналық мекемелерінің барлық қызметкерлеріне, медициналық тіркеушілер, кіші және басқа да қызметкерлерге, М.Оспанов атындағы БҚММУ, медицина колледжіқызметкерлері мен студентеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымында тәжірибеден өтетін студенттерге қатысты.



Медициналық қызметкердің жауапкершілігі:

  1. Кәсіби этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік дәрежесін Орталықтың этикалық комиссиясы анықтайды.

·Егер этикалық нормалардың бұзылуы бір мезгілде құқықтық нормаларға әсер етсе,медициналық қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

4.4Этикалық кодексті қайта қарау және түсіндіру:

Осы Кодекстің кейбір ережелерін қайта қарау және түсіндіруКәсіподақ комитетінің ұсыныстарын ескере отырып, Орталық басшылығы арқылы жүзеге асырылады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки